Санкция қысты: Орыс олигархтары Путинге қарсы шығуда...

Бұрын Путиннің қасында қалқайып жүруді мұрат тұтатын Ресейлік миллиардерлер енді онымен ым-жымы бір екенін, Ресейдің Украинаға соғыс ашқан сәттен бастап білдірмеуге тырыса бастады.

1691745022598601.jpg

Соғыстың алғашқы үш айының ішінде Путинді көкелегендер (орыс олигархтары) «Forbes-тің» мәліметі бойынша, 130 млрд доллар жоғалтты деген еді.

2019 жылы байлығы 15 млрд долларға бағаланған атақты «Пятерочеканың» егесі миллиардер Михаил Фридман өзінің Батыс Украинада туғанын айтып, соғысты жедел тоқтауды сұрап, соғыс басталғаннан кейін бір күннен соң ашық хат жазған-тын. Бірақ оны ешкім қолдамады. Бай-бағыландар әліптің артын күтіп тыныш қалды.

2021 жылғы «Forbes» нұсқасы бойынша 200 ең бай адамның қатарына енген 19 Ресейлік кәсіпкердің 11 әлі күнге осы соғысты қаржыландырып келеді. Биылғы жаздан бастап, олар «мен соғысқа қарсымын» деп күбірлеп айтып келген сөздерін, енді дауыстарын естіре ашық айтатын болды. Және «продюсер» Пригожинмен болған екеуара әңгімедегі сөзі үшін Ахмедов сияқты бұл фейк деп кешірім сұрап жалынып жалпаймайтынды шығарды. Біздің сайтта бұған дейін Яндекстің негізін қалаушы Аркадий Волождың соғысты айыптаған пікірін жария еткен едік. Енді ол бастаған бизнес-протест керегесін кеңге жайып, Путиннің саясатына сын көзбен қараушы қалталылар қатары өсе түсті.

Іштерінде тек Михаил Ходорковский ғана санкциядан дін аман қалса, Олег Тиньков пен Андрей Бородин соғыс өрті тұтанға дейін Ресейден кетіп үлгерсе де, алғашқысына Австралия мен Украина, соңғысына – тек Украина санкция салғызды.

1,7 млрд доллардың егесі «Тинькофф» банкінің бұрынғы қожасы Олег Тиньков әлеуметтік жіліге: «Украинада күн сайын кінәсіз жандар қынадай қырылып жатыр. Бұған көз жұма қарауға болмайды. Ақшаны соғысқа емес, адамды емдеу үшін, обыр дертінен аршалау үшін жұмсау керек», - деп жазды.

Бұлар қолындағы бизнесін арзанға беріп, санкциядан басын арашалағандар тобынан болса, енді рубльмен миллиардер атанған топтан шыққандар да, атап айтсақ қазандық кәсіпкер Руслан Баязитов: «Біздің төлеген салығымыз соғысқа емес, халыққа жұмсалын», - деген пікірлерін жиі ауызға алатын болды.

Шағын мақаланы Михаил Фридманның: «Мен Ресей мен Украинадағы мыңдаған қызметкерлерім алдында жауап беретін бизнесменмін. Бір нәрсеге сенімім кәміл соғыспен ешқашан ешнәрсені шешуге болмайды. Бұл дағдарыстың құны – сан жүздеген жыл бауырласып келген екі ұлтқа ат құйрығын кестіру», - деген бұдан бір жарым жыл бұрынғы хатымен түйіндегіміз келеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар