Ресейлік депутат: "Смоленск облысы Ресейден бөлініп, жеке ел болады"

Жақында Ресейдің Смоленск облысының Дума депутаты Владислав Живица Варшаваға барды. 13 тамыз күні ол Варшавада Беларусь координациялық кеңесі және Nexta-ның бұрынғы редакторы Ян Рудикпен бірге пресс-конференция берді. Пресс-конференция барысында ол «Смоленск облысы Ресейден бөлініп шығып, тәуелсіз болуы тиіс және соған ұмтыламыз» деді.


Живица Владислав: Уехал из РФ и выступает за независимость Смоленской  области « Новости | Мобильная версия | Цензор.НЕТ

 

Оның сөзінше «Смоленск облысы жеке мемлекет болып, болашақ азат әрі тәуелсіз Беларусь елімен, Еуропамен жақсы қатынаста болуы тиіс». Ол «Смоленск княздігі тарихта Мәскеусіз-ақ керемет күн кешкен» деді. Владислав Живицаның сөзінше тәуелсіз Смоленскті құрудың бірінші қадамы арнайы әскери жасақ құру, сол себепті де олар Украина жағында соғысып жүрген беларусь жасақтарымен бірлесе отырып әскери топ құруды ойластыруда екен.

 

Ян Рудик болса өзінің телеграм арнасында «Смоленск тарихи негізде Беларусь жері, бүгінде ол Мәскеу оккупациясында» деп жазды. Живица Ресейде Смоленск облысын жеке ел етейік деген ойды көтерген алғашқы депутат болып отыр. Пресс-конференциядағы сөздері үшін ФСБ оның үстінен қылмыстық іс ашпақ.

 

Владислав Живицаның депутаттық мандаты 2023 жылдың қыркүйек айында бітеді. Оны коммунистік партия 2021 жылы өз қатарынан шығарып тастаған болатын. 2023 жылы сотта Живица өзін «поляк агенті» деп атаған шенеунікті жеңген болатын. Енді ол Ресейге қайту өміріме қауіпті болуы мүмкін дейді.  

Польшада МемДуманың бұрынғы депутаты Илья Пономаревтың ұйымдастыруымен «ПостРесейлік кезеңнің азат ұлттар форумы» құрылған еді. Форум мақсаты Ресейде деколонизация, децентрализация және депутинизацияны іске асыру. Алғашқы отырысы 2022 жылы 8-9 мамырда Варшавада өтті, ал Ресей өз аумағында форум жұмысына тыйым салды.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар