Қырғызстан ЛГБТ насихатына тыйым салды

Ресей президенті жақында ғана «жыныс ауыстыру мен педофилияны насихаттауға тыйым» салатын заңға қол қойған болатын.  Құжатты Ресей құқықтық базалары жарыса бөлісті. Жаңа заңға сәйкес Ресейде ЛГБТ-ны насихаттаудың барлық формасына, фильмдер, кітаптар мен жарнамалар, медиа және аудио өнімдерге тыйым салынады.   


40 витязей в белом квадрате


Заңды бұзғандарға көлемді айыппұл салынып, бас бостандығынан айыру қарастырылса, шетелдік азаматтарды Ресей аумағынан шығару шаралары қолданылуы мүмкін. Осыған ұқсас заң енді Қырғызстанда да қабылданды.


Қырғызстан президенті "балалардың ақпараттық қауіпсіздігі туралы заңға" қол қойды. Заңда "дәстүрлі емес қатынасты" насихаттауға тыйым салынған бөлім бар. Сонымен қатар балаларға берілетін ақпаратта отбасылық құндылық пен дәстүрлі отбасы түсінігіне қарсы элементтер, ата-ана мен туыстарды құрметтемеу насихаты болса, онда ол ақпаратты қолдануға, таратуға тыйым салу керектігі айтылған. Заңда балаларға суицид жайлы ақпарат айту, есірткі мен табак өнімдерін, ішімдікті, жезөкшелік пен қайыр тілеуді жарнамалауға қатаң тыйым салынған.


Заңда порнография өнімдерін насихаттау, адамдар мен жан-жануарды қинау, былапыт сөздер айту сынды әрекеттердің алдын-алу және тыйым салу керектігі көрсетілген. Қырғызстан саясаттанушысы Медет Төлегенов қырғыз билігі ресейлік заңдарды көшіріп алу әрекеттерін жасауда дейді. Қырғызстандағы ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу заңы Ресейдегідей жалпыға ортақ емес және тек балаларға қатысты жазылған.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар