Ресей әскери басшылығы бүліне бастады: Суровикин үйқамақта

Әлемдік БАҚ-тың басты тақырыбына айналған «Сүрия қасапшысы» генерал Суровикин тағдыры сан саққа жүгіртіліп келеді.

1692174538849294.jpeg

Евгений Пригожиннің һәм «Вагнерінің» «Әділеттілік шеруінің» одақтасы болған жанның тағдыры бір адамның қолында, егер ол адам райынан қайтса бәрі орына келеді дейді білетіндер.

Евгений Пригожиннің бүлігінен кейін Украинадағы басқыншылық соғыста иеленген қызметінен шеттетілген қасапшы үй қамақта ұсталынған еді. Енді, міне, «Politico» басылымы бұл туралы егжей-тегжейлі жазыпты. Ресейлік әскери тілші Владимир Романов: «Сергей Суровикин 25 маусымнан бері «Лефортово» түрмесінің уақытша қамау бөлімінде отыр», - деген.

Сонымен жаза басқан генералдың бұдан арғы тағдыры диктатор Путиннің не иә, не жоғына тіреліп тұр. Осы Путиннің аузынан шығатын «иә» мен «жоқ» Ресей әскерилер арасындағы қақтысқа алып келетіндіктен Суровикиннің қайда екендігі құпия ұсталынуда деген жорамал айтады кейбір сарапшылар.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар