Жаңа Қырғызстан: Президент Жапаров енді жазушы Жапаров

Әлемдік орыс тілді кеңістікте «Елбасизм» деген термин пайда болған еді. Соның бір салдары Орталық Азия президенттерінің өздері билекте тұрған кездерінде жазушы атанулары.


Садыр Жапаров издал книгу про новый Кыргызстан

 

КСРО кезінде Компартия басшысы Брежневтің өзгелерге жазғызған «Кіші Жер» мен «Тың» атты қос туындысының даңқы жер жарғанын аға буын өкілдері жақсы біледі.

 

Осы Брежнев салған сара жолға Қырғызстан президенті Садыр Жапаровта түсіп, өзге елдердегі әріптестерінен қалыспай, әлі сиясы кеппеген «Жаңа Қырғызстан құру жолы» деген кітабын жазып, айды аспанға шығарды. ОА-дағы ең демократиялық ел деп танылған Қырғызстан басшысы осы жолға түссе қалғандарына не жорық?!

 

Тиражы – 40 мың данамен таралғалы отырған «Жаңа Қырғызстан құру жолы» – Жапаровтың екінші кітабы. 2015 жылы Жапаров түрмеде отырғанда алғашқы кітабы шыққан болатын. Қазіргі президент тұңғыш кітабында саяси қарсыластарын, соның ішінде елдің сол кездегі президенті Алмазбек Атамбаевты қатаң сынаған болатын.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар