Урожайное азат етілді: Қарымта шабуыл қалай өтуде?

Украина әскері Донецк облысындағы Урожайное елді-мекенін азат етті. Елді-мекенді азат еткендігі жайлы ақпарат бірнеше күн бұрын шыққан болатын, алайда ресми мәлімдеме енді жасалды.  Ресейлік әскери сарапшылар елді-мекенде әлі ұрыс жүріп жатқанын жазуда.


В США заявили, что контрнаступление Украины захлебывается - Газета.Ru |  Новости

 

Урожайное кіші елді-мекен болса да маңызды саналады. Ол Донецк және Запорож облыстары қосылған тұсқа жақын жатыр. Бұл аймақта Ресей әскері маңызды деп саналатын Времевский биіктігін басып алған болатын. Енді Украина елді-мекенді қайтару арқылы бұл биіктікті ұрыссыз алды. Қазіргі уақытта украин сарбаздары аталмыш бағытта Ресейдің екінші қорғаныс линиясына жете білді.

 

Дәл осы Времевский биіктігі маңында Украина әскері қарымта шабуыл барысында ең көп жерді қайтара білді. Урожайное елді-мекені мен Старомайорск елді-мекенін азат ету (шілде айында азат етілді) арқылы Украина әскері ірі плацдарм құра білді. Ендігі таңда Украина аталмыш плацдарм арқылы бірден төрт бағытта шабуыл жасау мүмкіндігіне ие болмақ, бұл өз кезегінде Ресей әскеріне психологиялық салмақ салуда.


Карта боевых действий

 

Украина әскері басқа бағытта да жылжуда. Орехов пен Тоқмақ арасында орналасқан Работино ауылы да азат етілгендігі жайлы ақпарат бар. Алайда ақпаратты Украина тарапы әлі ресми мойындаған жоқ. Егер бұл ақпарат расталса, Украина әскері бұл бағытта да Ресей әскерінің екінші қорғаныс линиясына жетті деген сөз. Днепрдің ресейлік бақылауындағы жағалауына өтіп, Украина әскері кіші плацдарм құра білді. Қазіргі сәтте десанттық операциялар арқылы плацдармды ұлғайту әрекеттері жасалуда. Бұл Украина әскеріне Херсон бағытында қарсы шабуылды үдетуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Украина әскері Бахмут бағытында, Мелитополь бағытында, Мариуполь бағытында шабуылдарды іске асыруда. 

 

Осы арқылы Украина әскері шабуыл бағыттарын арттыруда. Киевтің қазіргі таңдағы басты мақсаты мүмкіндік терезелерін көбейту және Ресей әскерінің бірнеше бағытта кіші топтарға бөлу. Қазіргі таңда Ресей әскері фронттағы жағдайды тұрақтандыру үшін барын салуда.

 

Украина қарсы шабуылда кіші топтарды қолдануда. Басты мақсат қарсыластың позициясын нақты анықтап, артиллериясына қатысты ақпаратты беру. Украина артиллериясы контрбатареялық соғыста үстем болуда, бұл Батыстық қару мен дәлдіктің арқасында дейді сарапшылар.

 

Ресей әскері Украинаның қарымта шабуылын тоқтату мақсатында Харьков облысының Купянск маңында ірі әскери операция бастады. Басты мақсат 2022 жылы өздері айырылып қалған Купянскті басып алу және сол арқылы оңтүстік-шығыс бағыттағы Украина әскерін Харьков облысына қарай жылжытуға мәжбүрлеу.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар