"Қазақ мәмбеті кешірім сұрады": Қазақстан ресейлік сайтты бұғаттады

Қазақстан тарапы ресейлік пропаганда арнасы саналатын "Царьград" сайты мен арнасын бұғаттап тастады. Пропагандалық сайт ресейлік олигарх Константин Малофеевке тиесілі.


Masa Media | Власти РК отключили доступ к российскому пропагандистскому СМИ  «Царьград» - Издание о политике, правах и законах Казахстана

 

Сайтты бұғаттамас бұрын төрт мәрте ескерту жасалған болатын. Сайтта экстремистік бағыттағы мақалалар жарияланған. Ескерту жасалып, өшірілуі тиіс мақалалардың бірқатары келесідей еді: «Жеңіс Күні қарсаңында қазақ ұлтшылдары орыс әйелдеріне күн көрсетпеуде», «Қазақстаннан орыстарды қумақ болған мәмбет камера алдында кешірім сұрады», «Қазақстанда орыстарды тізерлетуді ойлай ма?». Арна осыған ұқсас сипаттағы мақалаларды жазуды тоқтатпады. 

 

Қазақстанда түрлі сайттарға кіруді бақылайтын Kaz Blocking Tracker сервисі ресейлік сайт пен арнаға Қазақстан аумағында блок қойылғанын растады. Қазіргі уақытта tsargrad.tv және kz.tsargrad.tv-ға Қазақстан аумағынан кіре алмайсыз.

 

Ресейлік пропагандалық сайт әзірге бұғаттауға қатысты пікір білдірмеді. «Роскомсвободаның» мәліметінше  2020 жылы YouTube «Царьградтың» арнасын өшіріп тастаған еді. Ал 2022 жылы ресейлік агрессияны жақтаған ақпарат көзі ретінде Батыс санкция салды. Сайт иесі Константин Малофеевтің өзі де санкция тізімінде. Ол Украина шығысындағы сепаратистерді қаржыландырғаны үшін халықаралық іздестіру жүйесіне енгізілген.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар