Қазақстан арнайы жасағы АҚШ-тағы жаттығуға қатысуда

АҚШ-тың Монтана штатында «Аймақтық әріптестік-23» әскери жаттығуы өтіп жатыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және АҚШ арнайы жасақтары қатысуда. Бұл туралы ақпарат АҚШ Орталық әскери басқармасының сайтында жарияланды.


В США проходят военные учения с участием армий стран ЦА

 

АҚШ өз тарапынан 5 штаттың ұшқыштары мен арнайы жасақ өкілдерін қатыстыруда. «Оқу-жаттығу елдер арасындағы әріптестікті арттырып, ортақ қауіпке бірге қарсы тұру шараларын пысықтауға арналған», - делінген хабарламада.

 

Форт-Харрисон базасында өтіп жатқан жаттығу барысында 230-дан астам сарбаз әскери білімін арттырып, артынша халықаралық қауіпсіздікке төнген қатерге бірге қарсы тұру сценарийлерін пысықтап, жаттығудың тікелей қарқынды фазасын іске асырады.

 

«Жаттығу барысында қатысушы тараптар әскери білімдерін арттырып, халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, жаппай қырып-жою қаруы қолданған сәтте қорғану және оның алдын-алу тәсілдерін үйреніп, халықаралық терроризмге бірлесе күресуді күшейтіп, ақпарат алмасу аясын кеңейтуді үйлестіреді», - делінген сайттағы хабарламада.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар