Ресейдің арзан тыңайтқышы немістерге сор болып тұр...

Немістің тыңайтқыш өндіруші компаниялары өндіріс көлемін азайтуда. Басты себеп Ресейден келген тыңайтқыштың бағасы тым арзан, сәйкесінше Германия тыңайтқыш өндірушілері зардап шегуде. Өнімдері өтпей жатыр.

1692700951111395.jpg

Неміс фермерлері ресейлік арзан тыңайтқышты алуды жалғастыруда. Еуропа Ресей әлемде тыңайтқыш өндірісі бойынша алдағы елдердің бірі екенін ескере отырып бұл салаға санкция салған емес. Ұзақ жылдар бойы Еуропа елдері ресейлік тыңайтқыштарды қолданып келеді.

Германия тыңайтқыш өндірушілері қазір қиын жағдайды бастан кешіп жатыр. Германия ресейлік газдан бас тартқандықтан тыңайтқыш өндіру құны 150%-ға артқан.

Ресейлік газдан Еуропа елдері бас тартса да, тыңайтқышынан әзір бас тартпайтын сыңайлы. Мәскеу тыңайтқышты тым арзан бағада беруге дайын.

Ресей тыңайтқыштарды Еуропаға астық келісімі аясында тасымалдап келді. Шілде айында Мәскеу астық келісімінен шығып кетті, алайда тыңайтқыш әлі Еуропа нарығына ағылуда. Германия кәсіпкерлері ресейлік тыңайтқышты алуды доғарып, отандық өнімді алуға шақыруда, ал кәсіпкерлердің шығынын мемлекет өтесін дейді.

Дәл осындай жағдай Қазақстанда да болып еді. Отандық астық өндірушілер Ресейден арзан астық келіп, диқандардың шығынға ұшырап жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар