«Қырым» саммитіне қатысушылар: Қырым - Украинаныкі, нүкте!

Киевте «Қырым платформасы» атты саммит өтті. Басты тақырып – Қырым.

1692864186451468.jpg

Атап айтар болсақ, бұл саммит осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Жалпы күн тәртібінде екі бірдей мәселе қаралды. Осыларға тоқталар болсақ: Оның біріншісі – әзірше Ресей усында қалып отырған жарты арлдың болашағы, екіншісі – Қара теңіздегі қауіпсіздік.

Осы саммит ең алғаш өткен кезде президент Зелинский: «Басты идеямыз Қырымды қайтсек те қайтару», - деген болатын.

Бірінші басқосуда қалай қайтару мәселесі басы ашық күйінде қала берді. Ол кезде саммитке оншақты ел ғана қатысты. Тіпті, РФ СІМ өкілі Мария Захарова: «Бұл – Ресейдің ішкі ісіне қол сұғып, территориялық тұтастығына қауіп төндіру», - деп мәлімдеді.

Енді екі жыл өткен соң, жағдай өзгеріп, осы мәселеге қатысты мүлдем басқа көзқарас қалыптасып отырған жайы бар. Соғыс шебі жарты аралдан ондаған шақырым жерден өтетін шақта Украин халқы мен армиясының басты мақсаты да Қырымды жау қолынан толықтай азат ету.

Саммитте Зелинский: «Ресей түптің түбінде Қырымды тастап шығады... Біз жау қолынан босаған жерімізді қайыра түлетеміз», - деді. Президент одан ары дәл қазір Қырымға қаржы салуға «Ryanair», «Hyatt», «Nokia» сынды компаниялар тас түйін дайын отырғандығын айтты.

Түркия басшысы Ережеп Ердоған өзінің бейне арнауында: «Түрік елінің басты мұраты қырым татарларына қорған болу және Украинаның аумақтық тұтастығын сақтауды қолдау», - дей келе, «Соғыстан кейін Анкара Қырым проблемасын басы бүтін шешуде арағайын болады», - деуінен көп нәрсені аңғарамыз.

Қазір Украина унитарлы мемлекет, егер оның құрамында Қырым татар Республикасы құрыла қалса, оған еш таңқалудың керегі жоқ. Түркі елдерінің осы соғыстың аяқталуынан күтетіні де осы тарихи оқиға.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар