Ресей ОА-лықтарға: Азаматтық береміз, біз үшін соғысыңдар!

Қазіргі Ресейдің саяси бейнесі «қақпанға түсіп, аяғынан айырылған қасқырдың» бейнесін көз алдымызға келтіреді. Бүгіндері Ресейдің халық саны ресми деректерде көрсетіліп жүргендей 145 миллион емес, бар жоғы 87 миллион болуы ықтимал деген деректерде төбе көрсете бастады.

1693214424400738.jpg

Бұл туралы біздің сайт егжей-тегжей жазған болатын. Жаралы Ресей өз арықтығын білдірмей, 21-50 жас аралығындағы азаматтарын әскерге жаппай шақыра бастады. Егер халық саны 145 млн. болса, бұндай қадамға еш бармас еді!  

Егер электронды шақыруға үн қоспай, жалтырғандарды Ресей азаматтығынан айыруының және түрмедегі шетел азаматтарын, еңбек мигранттарын әскерге алудың артында көп нәрсе бұғып жатыр.

Тіпті еліміздің оңтүстігіндегі жұмыссыз жастар да Ресей уақытша жаулап алған жерлерге құрылыс салуға аттанып жатқаны жасырын емес.  Аяр Ресей өмірі қолына 100 мың теңге ұстап көрмеген жас жігітке, бір жарым млн. теңгені ұстата салса, қаны қызу қазақ тау қопарады. Құрылысшы болу тек көз бояу, Ресей ақшамен арбап, талай қазақтың қолына автомат ұстатып үлгерді. Оған ден қойып отырған біздің биліктің шарасыздығы көңілді күпті етеді.

Орыс-украин соғысында тек ресейлік қана емес, қазақстандық қазақтар да тілерсектен қан кешіп, уралап жүргінін жұртшылық ескеруге тиіс. Және Ресей аттанған жастардың не мақсатпен баратынын ҰҚК өз бақылауына алатын сәт келді. Оған көршілеріміздің ер-азаматтарын Украина жеріндегі соғыста жоғалтып, қан қақсап отырғанын да естен шығармауымыз керек.

ОА елдері қанша жерден тәуелсіз болса да, қанша жерден 30 жыл дербес өмір сүрсе де, кіндігі әлі Мәскеуге байлаулы. АҚШ пен Батыс санкциясын ашық жақтаған бірі жоқ.

Әр қазақ менің жалғызым деген ұранмен, еліміздің ер-азаматтарын Ресейдің әбжылан арбауынан арашалайық!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар