Су мен энергетика дауы: Үш ел кездесіп, не шешті?

25-26 тамызда Астанада Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетикалық және су шаруашылығы ведомстволары өкілдерінің су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналған кездесуі өтті.

1693297043620506.jpg

Кездесу барысында алдағы күзгі-қысқы маусымда электр энергиясын жеткізу, сондай-ақ, басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланған.

Тараптар электр энергиясын сағаттық есепке алуды жүргізу тетігін енгізу мүмкіндігін пысықтауға; шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы жоспардан тыс ағындарды реттеуге шарттар жасасуға; жоспардан тыс ағындарды реттеуге арналған шарттардың қолданыстағы талаптарын қайта қарауға келісті.

Қатысушылар талаптарды орындауға келіскен. Бұл мәселе бойынша келесі кездесу 2023 жылдың қарашасында Бішкекте өтпек.

Еске салайық, биыл Жамбыл облысында тамыз айында су тапшылығы болып, шаруашылықтың күйреуіне әкелді. Өңірге судың 80%-ы Қырғызстаннан келеді.

Қырғыз тарапы келісімге сәйкес Қазақстанға 21 сәуірден бастап 445,6 млн текше метр су бере бастаған және бәрі талапқа сай орындалғанын, Қазақстан алдындағы бар міндетін атқарғанын айтты.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар