Башқұрт полкі: Жылқы алдырдық, енді украин шебін шабуылдаймыз!

Ресей әскері Украинадағы майдан шебінде жаңа тактика қолдана бастады. Бұл жолы заманауи тәсілді емес, дәстүрлі әдісті қолдануды құп көріпті.


Майкл Морпурго «Боевой конь» — отзыв «Повесть о боевом товарище» от  Sphynx-smile

 

2022 жылдың күзінде жартылай мобилизация арқылы құрылған башқұрт полкінің командирі майдан даласына екі жылқы алдырды. Полк командирі жылқылар арнайы үйретілген және ұрыс даласында қолдануға тиімді дейді. Жауынгер аттар о баста жарылыс даусынан және атыс дыбысынан үркіп-қорықса да, бүгінде соғыстың келбетіне үйреніп үлгеріпті.  

 

«Жауынгер жылқыларды ұрыс даласына алдыру себебіміз, техника жеткілікті, бірақ оларды дрондар, қарсы барлау тез аңғарады. Ал жылқы жануарын байқау қиын, алдыңғы шепке қажетті қару-жарақты жеткізуге болады», - дейді башқұрт полкінің командирі. Ол әскери жүк көлігі мен мотоциклдерді қолданып көргенін, алайда оны украин сарбаздары тез байқап, жойып жібергенін де мойындады. «Жылқы жануары арқылы таң қылаң берген сәтте алдыңғы шепке қажетті заттарды жеткізіп отырмыз» дейді.

 

Ол екі жылқы бірлесіп 200 келі жүк көтере алатынын айтты. Таң атқан сәтте екі рейс жасап, қажетті қару мен дәрі-дәрмекті алдыңғы шепке жеткізіп жүр. Алдыңғы уақытта жылқы санын онға дейін арттыру көзделіп отыр-мыс. Башқұрт полкінің командирі «жылқыларды тек қана жүк тасуға емес, әскери операцияларды іске асыруға қолданып, Ұлы Отан соғысы кезіндегі тактиканы іске асыру жоспарымызда бар» деп сөзін түйіндеді. Олар украин шебіне шабуылда жылқыларды қолданып көрмек. Заманауи кавалерия тактикасы жасалуда дейді. Бұл әрекет жауынгерлерді жігерлендіретініне сенімді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар