АҚШ: Путин - тамақ, Ким - автомат бермек!

Ресей мен Солтүстік Корея арасында келіссөз қарқынды жүріп жатыр. Мәскеу Пхеньяннан қару сұрап отыр, оны Украина майданында қолдануға ниетті. Бұл туралы АҚШ саясаткері Джон Кирби 30 тамыздағы баспасөз конференциясы барысында айтты.


Путин поздравил Ким Чен Ына с Днем освобождения Кореи — РБК

 

АҚШ шенеунігінің сөзінше жақында ғана Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Солтүстік Кореяға сапарлап барып, артиллерия сатуын сұраған. Артынша Путин мен Ким Чен Ын өзара хат алмасып, екі ел арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге келісті. Бір апта бұрын Солтүстік Кореяға бір топ ресейлік әскери арнайы келіп, бейресми келіссөздер жүргізді.

 

Ақ үйдің мәліметінше Мәскеу мен Солтүстік Корея арасындағы келіссөздер нақты нүктесіне жақындады. Кирбидің сөзінше келіссөз аяқталған сәтте Ресей Солтүстік Кореядан бірнеше типтегі қару түрлерін және жүздеген мың снаряд алмақ. Бұл Ресей әскеріне Украина фронтында үлкен көмек болмақ. Қарудан бөлек Ресей снаряд және оқ-дәрі жасауға арналған шикізат та алуы мүмкін. Ресейдің өзі шикізатқа бай ел болса да, соңғы уақытта қару өндірісінде Батыстық санкциядан айтарлықтай қиындық көруде.

 

Ресей Солтүстік Кореяға өз кезегінде тамақ пен БҰҰ-да оны қолдауды ұсынуда. Солтүстік Корея халқы қазіргі уақытта тамақтан тарылып отыр. Бұл елдегі экономикалық жағдайдың тым төмендігі және пандемиядан кейінгі шектеуге байланысты. Ресей азық-түлік ұсынып отырғаны сондықтан. Мәскеу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі және БҰҰ-дағы қарарларды вето құқығымен бұғаттауға пәрменді. Солтүстік Кореяға қатысты шешімдер Пхеньянға ұнамаса, Ресей оны БҰҰ-да бұғаттап отыруға келісті.

 

The New York Times-тың мәліметінше Мәскеу Солтүстік Кореямен қатынасын 2022 жылдан кейін жаңа деңгейге көтерген. Батыс зерттеушілері Кремльдің бір жыл бұрын кәрістерден зымыран, снарядтар ала бастағанын жазған болатын. Солтүстік Корея бұл айыптауларды жоққа шығарса да, Украина майданында аталмыш елден келген снарядтар бірнеше мәрте көрсетілген еді.  


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар