Буданов: Мәскеу бірнеше мәрте Зеленскийді өлтірмек болды

Украина Барлауының Бас Басқармасының (БББ) басшысы Кирилл Буданов ТСН басылымына сұхбат берді. Енді осы сұхбаттың ұзын-ырғасымен таныс етпекпіз:

аекр.jpg


- Жеңіліс тапқан Ресей қайыра есе қайтаруға 10 жылдай күш жинайды. Біз осы 10 жылды олардың бетін қайтару үшін тиімді пайдалануға тиіспіз.

- Мәскеу бірінеше мәрте біздің президентті өлтіру үшін арнайы операциялар дайындады. Көріп отырғандарыңыздай біз олардың барлығының алдын ала білдік.

- Соғысты Ресей аумағында жалғастыру – тамаша идея. Бірақ біз олар сияқты жат та жабайы әдіспен соғыспаймыз. Соғыс тек олардың жерінде ғана емес, олардың ықпалы зор жерлерде де орын алып, барынша созылуға тиіс. Соғыстың ауқымы кеңейген сайын бәрі де біз үшін жақсара түседі.

-Украина Ресейдің саяси процестеріне аралсуға тиіс. Біздің БББ міндетті шешім қабылданатын кабинеттерде де өз ықпалымызды күшейтіп, барлық жерге тұмсығымызды сұға беру.

- Қытай ресейліктерді қарулануға бел шеше кіріспесе де, қосарлы қолданыстағы тауарларды самғауыттар (дрондар) мен чиптерді беруін еш тоқтатпайды.

- Қанша жерден Беларусьқа Су-27М ұшағымен атом бомбасын апарса да, біз Қырымға табан іліктірген кезде де оны еш қолданбайды.

Осылайша Украина шабуылы еш бөгелмей, еппен өз дегеніне жететіндігін осы сұхбаттан біле аламыз.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар