Пашинян: Үлкен қателік! Ресейдің қаруына 99,999% тәуелді болдық!

Армения премьері Никол Пашинян Арменияның қауіпсіздік және қорғаныс саласының Ресейге тәуелділігі үлкен стратегиялық қателік болды дейді. Бұл туралы ол Италияның әйгілі La Repubblica газетіне берген сұхбатында айтты.


Зависимость от России в вопросах безопасности была стратегической ошибкой -  Пашинян

 

Армения премьерінің сөзінше Ресей тіпті қалаған күннің өзінде Арменияның қауіпсіздік саласына қажеттілігін өтей алмайды. Ол осы уақытқа дейін Армения қауіпсіздік архитектурасы, қару сатып алу саласы 99,999% Ресеймен тікелей байланысты болғанын мойындады.  

 

«Бүгін Ресейдің өзі қару мен оқ-дәрі, снарядқа зәру сәтте, ол Арменияның қауіпсіздік саласына қажеттілігін мүлде өтей алмайтыны түсінікті. Бұл бізге сабақ болды. Қауіпсіздік саласында бір елге байланып, бір елге тәуелді болу үлкен стратегиялық қателік», –дейді Никол Пашинян.

 

Қазіргі уақытта Армения премьерінің сөзінше Ереван қауіпсіздік саласында әртараптандыру саясатын жүзеге асыруға тырысып жатыр. Никол Пашинян Қарабақтағы Ресей бітімгерлік күштері өз міндеттерін орындамай отырғанын да айтты. Ол Лашын дәлізін ресейлік бітімгерлік күштер өз бақылауынан шығарып алғанын мәлімдеді.

 

«Оның екі себебі болуы мүмкін: Ресей не Лашын дәлізін ұстап тұра алмады, немесе мүлде ұстағысы келмеді. Қайсысы болса да, біз үшін бұл үлкен мәселе», - дейді ол.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар