Башқұрт азаттық армиясы құрылды. Кремль енді қайтпек?

Жерін кеңейтіп, КСРО-ның құлағанының есесін украиндардан аламын деген Ресей өз ішіндегі ұлт-азаттық қозғалысының өрістеуіне зор мүмкіндік һәм қоғамдық дүмпу берді.

1693815876961840.jpg

Ресейде осы соғысқа дейін де осындай көңіл-күйдегі республикаларға Шешенстан, Ингушетия, Татарстан және Башқұртстан жататын. Енді оған титулды ұлт республика атауын иеленген өңірлер де қосыла бастады.

Біз бұл орайда үнемі Татарстанның көлеңкесінде қалып келген Башқұртстан жайында сөз етпекпіз. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Руслан Ғаббасов басқаратын «Башқұрттың ұлттық саяси орталығы» немесе «Башұлтсаясат» өз ұлтын «бауырлас екі халықтың арасында бұрық ете түскен соғыстан» тыс қалуға шақырып, «империяшыл насихатшылардың айтағына еріп» жалдамалы болып жан кешуден аулақ болуға үндеді.

Ғаббасов 2020 жылдан бастап ұлттық қозғалыстың тізгінін ұстап келеді, Жоғарғы сот ол басқаратын ұйымды экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған болатын.

Енді шетелдегі Башқұрт ұлттық қозғарысының Комитеті Башқұрт азаттық армиясының құрылғанын мәлім етті. Ол жарлыққа тәуелсіздік үшін күресіп жүрген қозғалыстың басшысы Руслан Ғаббасов қол қойды. Атлаған армия Украина ҚК қосыны негізінде құрылып, Украина әскери басшылығына бағынатын болады.

Жаңа құрылған әскердің қатарына әскери қылмыс жасамаған солдаттар, контрактімен әскерге алынғандар және мобилизацияланғандар алынады. Бұндай жасақтың саны ұлттық нышан-белгісіне қарай құрыла бастайтын болады. Тек башқұрттар оларға үлгі бола білді десек арттық айтпаймыз.

Бұның бәрі Батыс пен АҚШ қолдануынсыз жүзеге аспайтыны анық. Енді бізге бауырлас башқұрт ұлтының өз азаттығы үшін күресіне қолдау білдіру ғана қалып отыр.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар