Қырымды азат ету – Ресейдің түбіне жетеді!

Украина әскері құрамында Ресеймен соғысып жүрген қырым татарлары «Крым» қосынының басшысы Иса Акаев УНИАН басылымына берген сұхбатында Қырымның азат етілуі дәл қазір қалыптасқан жағдайдаға әсер етіп, Ресейдің түбіне жетеді деді.  

1693903275582015.jpg

Осы сұхбатта Иса Акаев: «Қырымның азат етілуі соғыстың бет-әлпетін мүлдем өзгертіп, оның орнына жаңа мемлекеттік құрылымдардың өмірге келуіне мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді.

Акаевтың айтуынша, «егер Украина Қырымға табан тірей алатын болса, онда орыстар бірден тұтқынға беріле бастайды.  Бірақ, бәрі солай болады екен деп, арқаны кеңге салуға еш болмайды, олардың арасында көздері қанға толғандар табылып, соңғы оғы қалғанша өліспей-берсіпейтіндері де табылып қалады».

Осы соғыста батылғымен ерек көзге түскен осы қосындағы барлаушы Нариман Билялов Қырымды Ресей басып алған соң, 2014 жылы Донбасста алғы шепте, оқ өтінде болды. Сол жақта бүгінгі «Крым» қосынының негізігі қалаушылардың бірі болып табылады. Ол өз жақтасы Иса Акаевпен бірге жау қолында қалған жердегі қандастарында үнемі көмек қолын созып, тарихи отандарының азат етілуі үшін майдан даласына қайтып оралып, Акаевпен бірге жеңіс күнін жақындатуға өз үлесін қоса бастады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар