Ресей Куба халқын Украинаға қарсы соғысуға үгіттеуде

Ресей билігі Украина фронтына соғысуға жіберетін жалдамалы, ерікті азаматтарды іздестіруді жалғастыруда. Жартылай мобилизация мен сотталушылар айтарлықтай нәтиже көрсетпеді. Ендігі таңда Ресей билігі түрлі амалдар арқылы еңбек мигранттарын да соғысқа шақырып, насихат жүргізуде.


Россия модернизирует армию Кубы :: Политика

 

2022 жылы Ресей Сирия азаматтарына соғысқа қатысуға рұқсат етті. Ақпарат беттерінде «12 мыңға жуық сириялық Украина фронтында соғыспақ» деген мәлімет те шықты. Алайда Украинаға барып, соғысқан сириялықтардың саны 100-ге де жетпейді дейді тәуелсіз зерттеушілер.

 

Куба ІІМ-лігі адам саудасымен айналысқан топты құрықтады. Қылмыстық топ кубалық азаматтарды соғысқа үгіттеп, Ресей тарапында қақтығысқа қатысуға мәжбүрлеген. Бұл туралы ақпаратты Кубаның СІМ-лігі жариялады.

 

«Куба Украина соғысына қатысушы тарап емес. Куба ел аумағында адам саудасымен айналысуға, жалдамалы қызметті жарнамалауға және өзге елге қарсы қару көтеруді үгіттеуге қатаң қарсылық танытып, заңдық жолмен күресетін болады», –дейді Куба СІМ-і.

 

Бірнеше кубалық азаматтың Ресей әскерімен келісімшарт жасасып, соғысқа аттанатыны жайлы ақпараттар алғаш рет 2023 жылдың мамырында "Рязанские ведомости" газетінде жарияланған еді. Олардың жартысы артынша Ресей азаматтығын алғысы келетінін жеткізген. Ал 2022 жылдың күзінде Foreign Policy Ресейдің бұрынғы Ауғанстан билігіне қызмет еткен әскерилерді соғысқа үгіттегені жайлы жазған болатын.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар