Батыс БАҚ-тары: Ердоғанның әрекеті НАТО-ға ұнамайды

Путин мен Ердоған арасындағы келіссөздер 4-қыркүйекте өтті. Келіссөзге төрткүл дүние көз тігіп қараса да, айтарлықтай нәтиже болған жоқ. «Астық келісіміне» қатысты шешім қабылданбады, ал Украина мен Ресей арасындағы тұтқын алмасу талқыға түспеді. Путин астық келісімін жандандыру үшін Батыс Ресейге келісім аясында берген уәделерін орындауы тиіс дегенді қайталаумен болды. Келіссөзге байланысты Батыс сарапшылары өз пікірлерін білдіруде.


Эмоции Путина и Эрдогана на переговорах в Сочи: кадры из президентской  резиденции

 

Ресей Түркияға 1 млн тонна астық жеткізетінін айтты. Түркия оны өз аумағында өңдеп, артынша кедей елдерге үлестірмек. Бұл келіссөздегі ауыз толтырып айтуға болатын бір ғана нәтиже болса керек.

 

«Кремль көшбасшысы өте лас ойын жүргізуде. Ол алдымен Украина аумағындағы астық қоймаларын зымыранмен атқылады да, артынша келісімге дайынбыз дегендей кейіп танытты. Енді ол астық келісімін тек өзінің ережесіне сай жалғастыруға дайын екенін көрсетуде. Сөзсіз Путин арнайы қызметтің ескі әдістерін ұмыта қоймапты», - деп жазды Германияның Morgenpost газеті.

 

Frankfurter Allgemeine Zeitung газеті Ердоғанның астық келісімін жандандыруға талпыныс мақсатын атады. «Анкара Украина мен АҚШ талқылап жатқан астық тасудың жаңа маршруттары іске қосылса, онда Қара Теңіздегі әскери жағдай ушығып кете ме деп қауіптенуде» деп жазды.  

 

«Украина тарапы Түркияға ресейлік астықты қабылдап, ұнға айналдыруына келіспеуін сұраса да, Анкара Путиннің ұсынысын қабыл алды. Ұнды Африкаға жеткізбек. Ресей Түркияға жіберетін астықтың қрамында оккупациядағы аймақтың астығы бар-жоғы белгісіз. Африканы аштықтан құтқарушы рөлін ойнау диктатор Путинге майдай жағады. Алайда Ердоғанның әрекеті НАТО-ға ұнамайды», - дейді FAZ басылымы.


Mezgil.kz

 

 

 



Ұқсас тақырыптар