Қырғыз депутаты: Пәрәнжаға тыйым салар сәт туды!

Қырғызстанда депутат Шарапатқан Мажитова пәрәнжә киюге тыйым салу керектігін айтты. Ол Жоғорғы Кенештің 7-қыркүйегіндегі отырысында аталмыш мәселені көтеріп, Өзбекстан билігі қабылдаған заңды мысал еткен.


В Афганистане паранджа подорожала в 10 раз после прихода талибов к власти

 

Депутат қоғамда бетін тұмшалап жауып алатын әйелдердің көптігін айтуда. «Мен орамал тағуға қарсы емеспін. Орамал таққысы келген жандар таға берсін. Қарсылық жоқ. Алайда бетін тұтас жауып алатын пәрәнжаға тыйым болуы тиіс. Ондай киімнің артында қандай адам тұрғанын анықтау мүмкін емес, бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Мемлекеттік деңгейде шешім қабылдайтын сәт туды», - дейді Мажитова.

 

Күні кеше Өзбекстан билігі қоғамдық ортада бетін тұмшалап жүруге тыйым салатын заңды қабылдады. Сонымен қатар көпәйелділікті де насихаттауға заңмен тыйым қойылды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар