Мәжіліс депутаты: Белгісіз біреулер отбасыма қоқан-лоқы жасауда...

Мәжіліс депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек белгісіз біреулер өзі мен отбасына қоқан-лоқы жасағанын мәлімдеді.

1694095174896340.jpg

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан лоққыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның «коляскасын» квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің!», - деп жазды.

апр.jpg

Мәжіліс депутатына өзге әріптестері де қолдау білдіріп жатыр. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан: «Әріптесім Бақытжан Базарбекке шабуыл - барша депутаттарға шабуыл деп бағалау керек. Әділеттілік үшін күресіп жүрген азаматты бұлай үркітіп-қорқытып, тура жолынан тайдырғысы келетіндер - сыбайлас-жемқорлықты жақтаушылар», - деп жазды.

Бақытжан Базарбек Қазақстан қоғамына есім-сойы белгілі заңгер. Ол «Bazarbek Partners» заңгерлік-кеңесшілік компаниясының директоры болған. Биыл наурыздағы Парламент сайлауында бір мандатты округ атынан депутаттыққа түсіп, Мәжілістің VIII-ші шақырылымына депутат болған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар