Украинаны қолдаған қазақ елшісі миссиясын аяқтады...

Дархан Қалетаевтың Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретіндегі миссиясын аяқтағаны БАҚ-та белгілі болды.

1694165101822125.jpg

Дархан Қалетаев Қазақстан саясатында есімі белгісіз адам дей алмаймыз. Ол Украинаға елші болып 2020 жылы аттанған. Дәл осы Қалетаевтың елшілігі тұсында қазақ-украин арасы қандай болды? Қысқа-нұсқа:

Қалетаев елшілік еткен кезде соғыста зардап шегіп жатқан Украинаға Қазақстан тарапынан бірнеше рет гуманитарлық көмек жіберілді. Сондай-ақ, украин халқын қолдау мақсатында Ресей басқыншылығынан зардап шеккен Буча қаласында, Украина астанасы Киевте киіз үйлер тігілді. «Мызғымастық пункті» жұмыс істеп, қарапайым халыққа көмек көрсетілді.

Бұл Мәскеудің шамына тиіп, «Қазақстан-Ресей қарым-қатынасына нұқсан келмесін десеңдер», - деп доқ көрсетіп, Астанадан ресми түсіндірме талап етті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл бастаманы жекеменшік қазақстандық компаниялар көтеріп отырғанын, киіз үйдің құрылуын мәселе ретінде көтерудің қажет емес екенін айтқан.

Жоғарыда айтқанымыздай, Дархан Қалетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне 2020 жылы тағайындалды. Оған дейін Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметінде болды. Сондай-ақ, Премьер-министр кеңсесін басқарды және Қоғамдық даму министрі болып, маңызды қызметтер атқарған.

Ресей Украинаға басып кірген 2022 жылдың ақпанында украин халқының басына түскен қиыншылықы туралы БАҚ-қа сұхбат беріп: «Біреу үйіңе есігіңді теуіп кіріп жатса, қандай сезімде болар едің», - деп жауап берген болатын.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар