Өтемұратов Монаконың кінәз әулетіне құрақ ұшты

Отандық орыстілді журналистикада өзіндік орны бар әріптесіміз Данияр Адилбеков Монаконың кінәзі Альбер мен оның жұбайы Шарлен және олардың егіздері ханзада Жак және ханшайым Габриэлламен бірге жазғы демалыстарын Сардинияға таяу Cala Petra Ruja жағайындағы қазақ бизнесмені Болат Өтемұратовтың яхтасында өткізген. Бұл туралы dailymail.co.uk. жазды.

1694252626424758.jpg

Әлемдік БАҚ-қа көз салар болсақ, Елбасы дәуірінде тасы өрге домалаған қазақ  бизнесмені Болат Өтемұратов Назарбаев биліктен кеткен 2018 жылдан соң, жинаған қаржысын Еуропаның түрлі елдеріне сала бастады. Сондай елдердің бірі – Монако. Деректерге сенер болсақ, ол бұл елге инвестор ретінде жылжымайтын мүліктер саласына екі миллиард еуро салған. 

Еліміздегі Балқаш, Алакөл және тағы басқа тамаша табиғаты бар жерлерге отандастары үшін бір тиын шығармай, Еуропаны жарылқап жатқан кәсіпкерлеріміз «Жаңа Қазақстан» экономикалық өркендеу ұстанымымызға түкіріп қарамай ма деген ойға қаламыз. Қазақ бұны өзі болған қыз төркінін танымайды» дейді.

Болат Өтемұратов инвестор ретінде Монакодағы жылжымайтын мүліктер саласына салған екі миллиард еуросын қазақ өндірісін нарыққа шығаруға жұмсаса нұр үстіне нұр болар еді-ау деген бармақ тістер ойға қаласың...

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар