Ереван: Ресейден көмек сұрамаймыз. Олар Арменияның жойылғанын қалайды

Өткен сенбіде Қарабақтағы бүлікті армяндар  өздеріне басшы етіп 45 жастағы Самвел Шахраманянды сайлады. Ол 1 қыркүйекте отставкаға кеткен Араик Арутюнянның орнына келді.

1694508369267290.jpg

Әзірбайжан бұл сайлауды «арандатушылық қадам» және «Әзірбайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу» деп атады.

Қарабақ үшін ежелден шайқасып келе жатқан әзербайжан-армян арасы тағы да шиеленісе түсті. Армения президенті болған жағдайға байланысты Франция, Иран президенттерімен, Германия канцлерімен, АҚШ Мемлекеттік хатшысымен, сондай-ақ Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Алайда, Пашинян Путинге қоңырау шалмаған. Әдетте Кремль билеушісі мұндайдан тыс қалмайтын.

Армянияның билеуші партиясының депутаты Мелконян ел басшысы Пашинянның Путинге қоңырау шалмау себебін былай деп түсіндіреді:

«Армения Ресей Федерациясына бірнеше рет көмек сұрап, жүгінді. Бірақ қолдау тапқан жоқ. Енді тіпті, Ресейден жәрдем сұраудың қажеті жоқ». Ол сондай-ақ, Ресей СІМ басшысы Лавровты «Арменияның жойылғанын қалайды» деп айыптады.

Айта кетсек, жақында Армения Үкіметі ХҚС Римдік статутын ратификациялау туралы жобаны парламент қарауына жіберген еді. Ереван бұл қадамын Қарабақ проблемасымен байланыстырады. Бірақ ресейшіл сарапшылар Армения осылайша Ресеймен қарым-қатынасына сызат түсірді деп қақсай бастады. Елдің премьер-министрі Никол Пашинян: «Ереванның Мәскеуге бағдар ұстануы қателік болды», - дегені де Мәскеудің жынына тиді.

Ресей ақпарат көздері НАТО осыны пайдаланып, ОБКБ мүшесі Ереванды Альянсқа тартуға көшті дейді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар