Үштік астық альянсы құрылды: Израиль, Өзбекстан, Әзербайжан

Израиль Әзербайжан және Өзбекстанмен астық жеткізуге қатысты келісім жасасты. Сарапшылар бұл келісімді "аймақтық астық альянсы" деп атауда және ең қызығы астықты жеткізуші екі ел де мұсылман елдері саналады.  


Қазақстанда 20 млн тоннадан астам астық бастырылды – АШМ

 

12 қыркүйек күні Израиль БАҚ-тары Украинадағы соғысқа байланысты әлемдегі астық тапшылығы артып келе жатқанын, осы ретте Әзербайжан мен Өзбекстан елдерімен маңызды келісім жасалғанын жазды. Израиль келісім ұзақ мерзімді қамтитынын және астық сатып алуды үздіксіз жүргізетінін айтты.  

 

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, біз елімізге қажетті ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бойынша маңызды қадам жасадық. Әлемдегі тұрақсыздық пен белгісіздік сәтінде көптеген елдер бізбен қарым-қатынас орнатуға ниетті. Біз Израиль азаматтарын азық-түлікпен тиісті дәрежеде қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасаймыз және өзге елдермен келіссөз жүргіземіз», - дейді  Израиль Ауыл шаруашылығы министрі Ави Дихтер.

 

Жыл сайын Израиль қолданатын астықтың 90%-ын өзге елдерден сатып алады. Көбіне астықты мал азығы ретінде қолданады. 2020 жылғы пандемия мен Украина соғысы астық бағасын Израильде шарықтатып жіберді. Келісімге сай Әзербайжан мен Өзбекстан Израильге астық берсе, Израиль екі елге ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары технологияларды жеткізеді.  


Mezgil.kz



 

 



Ұқсас тақырыптар