Путин: Зеленский жарлықтың күшін жойсын!

Ресей президенті Владимир Путин Шығыс Экономикалық Форумында сөз сөйледі. Ол Ресей қоғамында қызу талқы болып жатқан сұрақтарға жауап қатты.


Путин ответил на вопрос о своем участии в президентских выборах -  12.09.2023, Sputnik Беларусь

 

Ресей басшысы соңғы уақытта ресейліктерді алаңдатып отырған мобилизация жайлы сауалға жауап берді. Бұған дейін әлеуметтік желіде мобилизацияның екінші толқыны болады деген ақпарат тараған-ды.

 

«Біз жартылай мобилизация жүргізіп, 300 мың адамды әскерге шақырдық. Ал қазір, соңғы 6-7 айда бізде ерікті түрде әскери қызметке келіп, келісімге қол қойып жатқандар саны 270 мың адамға жетті. Адамдар военкоматқа келіп, келісімге қол қоюда. Күн сайын 1000-1500 адам келісімге отыруда», - дейді ол. Осы сөзі арқылы ол мобилизацияның екінші толқынын жоққа шығарғандай болды. Алайда Ресей басшысы 2022 жылдың наурызында «ешқашан мобилизация болмайды» деп пікір білдірсе де, сол жылдың қыркүйегінде Ресей тарихындағы үшінші мобилизация жарияланған еді.

 

Ресей Украинаға басып кірген сәтте, Ресейден мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер кете бастады. «Ел билігінің саясатымен келіспейтін 160-қа жуық мәдениет саласының мамандары елімізден кетті. Билікті жақтау міндетті емес, өз елімізде жүріп те қарсы болуларына болар еді. Қарсылықтарын ашық айтса болар еді. Ешкім тыйым салып жатқан жоқ қой. Бірақ, бұл олардың таңдауы. Екінші жағынан бұл таңдаудың материалдық сипаты да бар. Олар шетелден үй, пәтер сатып алып қойған», - дейді Путин. Ол: «Талантты адамдар кеткен сәтте, біз бірдеме жоғалттық деуге болады. Екінші жағынан кеткендері де дұрыс. Бізге жат құндылықты миллиондардың миына құйғанша, шетелде қызмет етіп жүре берсін», - дейді.

 

Агрессор елдің басшысы Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөзге қатысты да ойын айтты. «Егер АҚШ Украина тарапы келіссөзге дайын деп санаса, онда ең алдымен Зеленскийдің келіссөз жүргізуге тыйым салған жарлығының күшін жойсын. Кеше Блинкен Киев келіссөзге дайын дегендей болды. Жақсы, ендеше сол жарлықтың күшін жоюға мұрындық болсын», - дейді Ресей президенті. 


Ол Украинаның қарсы шабуылы еш нәтиже көрсетпегенін, ал шығын шаш етектен екенін де айтып қалды. «Олар қарсы шабуылда 71 мың сарбазынан, 453 танк және 18 мыңға жуық бронды техникасынан айырылды» дейді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар