230 мыңы өлген, 750 мыңы жаралы: Ресейдің шығыны әшкере болды

Батыс сарапшылары соғысып жатқан екі тараптың әскери шығыны, соның ішінде адам шығыны жарты миллионнан (500 мыңнан) асты деген болжам жасаған болатын.

1695110324885703.jpg

Бұның рас өтірігіне ешкім жауап бермейді, әрине. Бірақ Ресей Еңбек министрлігі жариялаған «куәлік тендері» Ресей Қорғаныс министрлігінің жасырып келген соғыстағы адам шығыны туралы ақпаратты әшкерелеп берді.

Ресей Еңбек министрлігі жуырда әкелері Украинадағы майдан даласында көз жұмып, отбасы асыраушыларынан айырылған отбасыларға арналған 230 мың куәлікке тапсырылыс бергені мәлім болып отыр.

Бұдан бөлек әртүрлі жағдайдағы соғыс жарақаттары барларға аралған куәлікке берілген тапсырыс 757 мыңнан асады. Бұдан бөлек соғыс тұтқандары мен хабарсыз кеткендерді қосатын болсақ, «Украинаны оккупациялаймыз» деп 19-31 жас аралығындағы адам капиталынан Ресейдің қалайша айырылып отырғанына куә боламыз.

Айта кетейік, 2022 жылдың күзінде Ресей әскери билігі елде жартылай мобилизация жариялап, майдан даласындағы әскер санын 300 мың адамға толтырған.

Онан соң, 2023 жылдың басынан бастап әскер қатарына келісімшарт негізінде адамдар толықтырыла бастады. Биыл әскерге шақырту алғандар саны жыл соңына дейін 400 мың адамға жетпек. Ресей президенті Путиннің айтуыншағ қыркүйек айына дейін 300 адам әскер қатарына қосылған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар