Newsweek: Украина Ресейдің С-400 кешендерін жаңғақша шағуда

АҚШ-тың Newsweek журналы соғыс басталғалы бері Ресей 12 мыңнан астам әскери техникасынан айырылғанын жазды. Оның ішінде кемі 5 дана С-400 әуе қорғаныс жүйесі бар. Бұл Ресей мақтаған қорғаныс жүйесі саналады.


Мощные взрывы в Крыму: в РФ выдали бред о подрыве ЗРК "Триумф" - Главред

 

Журнал соңғы бір айда украин тарапы Қырымда екі С-400 әуе қорғаныс жүйесін жойғанын айтады. Қырым соңғы айда интенсивті шабуылға ұшырауда. Соғыс шығынын онлайн есептейтін Oryx сайтының мәліметінше Украина әскері С-400 кешеніне кіретін бес транспорттық ұшыру қондырғысын (әрқайсысында төрт зымыран контейнері бар), сондай-ақ басқару орталығын, радар жүйесін қоса алғанда, бірнеше басқа да техниканы жоя білген.

 

Newsweek мәліметінше Украина соңғы айда Қырымдағы радар жүйелерін жасайтын соққы санын арттырды Бұл С-400 кешендеріне шабуылды күшейту мақсатында жасалған әрекет. Соңғы айда Украина Қырымның Тарханқұт мүйісінде бір С-400 кешенін жойса, енді бірін қыркүйектің басында Қырымның Евпатория аймағында жойған.

 

С-400 кешендерін жою арқылы Украина Қырымдағы өзге нысандардың қорғанысын әлсіретті. Мысалы соңғы аптада Севастопольдегі кеме жөндеу зауытына жасалған шабуыл соның бір айғағы. Украина барлау қызметі алдымен дрондар арқылы С-400-дің көзі саналатын радарларды жойғанын, артынша С-400-дің өзін "Нептун" зымыраны арқылы нысанаға алғанын айтты.

 

С-400 зымыран кешенінің құны аса қымбат. Бұл ондаған зымыран ұшыру қондырғылары бар, радар жүйесі мен басқару пунктінен тұратын күрделі кешен. Бір С-400 кешенінің құны 600 млн доллардан қымбат тұруы ықтимал. Кезінде "Ростех" басшысы Сергей Чемезов Түркияға 4 дана С-400 зымыран кешенін сату үшін 2,5 млрд долларлық келісім жасалғанын айтқан болатын.


Сарапшылар Украина әскері теңіз нысандарына арналған зымыранмен С-400 кешенін жойып жатқанына таңдануда. Әскери сарапшы Дэвид Сейм былай дейді: "Түркия кезінде С-400 кешенін сатып алу арқылы Батыспен, анығы АҚШ-пен жанжалдасты. Алайда соңғы айлардағы Украина шабуылы Ресейдің бұл мақтаулы қаруының минустары көп екенін көрсетті. Теңіз нысанын жоюға арналған зымырандар мақтаулы кешенді жаңғақша шағуда. Анкара қаруды кімнен алу керектігі мәселесін болашақта тағы бір ойланатын болар", - дейді. 


Mezgil.kz  

 



Ұқсас тақырыптар