«Қытайлар Ресей территориясының бір бөлігін талап етеді!»

«Күшті болып көрінетін мемлекеттер шын мәнінде өте әлсіз. Ресейдің көптеген осал тұстары бар, орталық билік әлсірейтін болса, өзгеріс болуы мүмкін», - дейді философ Фрэнсис Фукуяма.

1695634824841903.jpg

Ол Украина журналисі Дмитрий Гордонға берген сұхбатында Украина-Ресей соғысына қатысты пікір білдірген.

Фукуяма айтқан негізгі ойлар:

***

Ресей күрделі сыртқы қиындықтарға тап болады. Қытай мен Ресейдің арасында достық жоқ.  Қытайлар әлі алда Ресей аумағының бір бөлігін алғысы келуі мүмкін. Бұл орыс билігінің орталығы әлсірегенде болатын шығар.

***

Таяу болашақта Путиннің күйреуі туралы нақты болжай алмаймыз. Бірақ оның басқару жүйесі өте әлсіз деп ойлаймын. Ол өз дәрежесін құлдыратты. Сондықтан мен Путинизмнің сақталатынын күтпеймін.

***

Мен көреген футуролог емеспін. Дегенмен, Украина оңтүстігіндегі Ресей қорғанысын бұза алады деп есептеймін. Бұл тез болады. Әсіресе Қырым азат етілсе немесе қоршауға алынса, онда Ресейдің бұдан былай жасауы мүмкін емес.

***

Өкінішке орай, Дональд Трамп тағы сайлауға түседі. Келесі жылы оның қайта сайлануына мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Егер Трамп қайта президент болса, бұл Украина үшін, АҚШ үшін, бүкіл әлемдегі демократиялық елдер үшін де апат болмақ. Сондықтан мен америкалық ретінде оның қайта сайланбауы үшін бар күшімді саламын.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар