Ердоған: "Армения келіспесе Иранмен сөйлесеміз"

Түркия президенті Ердоған мен Әзербайжан басшысы Әлиев Әзербайжанның Нахычеван аймағында кездесті. Бұл Түркия мен Әзербайжан үшін маңызды аймақ. Иран, Армения және Түркия шекарасында орналасқан аймақты Әзербайжанның өзге аймақтарымен жалғайтын жол салу маңызды. Ол Түркия-Әзербайжан сауда қатынасына жан бітіріп, Орталық Азия мен Кавказды дамытатын Транскаспий жолының қарқынды қызмет етуіне әсер етпек. «Зангезур дәлізі ашылуы тиіс» дейді тараптар.


Эрдоган заявил о планах открыть в Восточном Иерусалиме посольство Турции

 

Нахычеван сапарынан кейін Түркия басшысы Ердоған журналистердің сұрақтарына жауап беріп, брифинг берді. Тілшілер Зангезур дәлізін ашуға қатысты сұрақтар да қойды.

 

«Біздің арамызда достық, бауырластық қатынас бар. Соның арқасында біз тек қарқынды қатынас жасап, дамитын боламыз. Сол себепті де, Анкара да, Баку де дәлізді ашуға барын салмақ. Бұл Түркия үшін де, Әзербайжан үшін де стратегиялық маңызға ие дәліз болғандықтан, сөзсіз оның ашылуына барымызды салатын боламыз», - дейді Ердоған.

 

Түркия басшысы Иран тарапынан аталмыш дәлізді ашуға қатысты да жағымды сигналдар барын айтты. «Егер біз Лашын және Зангезур дәліздерінде бейбітшілік пен татулықты көргіміз келсе, онда біз бұл мәселелерді қақтығыссыз шешуге тиіспіз. Түркиядан Нахычеванға, артынша Армения аумағы арқылы Әзербайжанға кіретін пойызды біз Армениямен талқылауға тиіспіз. Ал егер Армения бұған қатысқысы келмесе, онда маршрут қалай өтпек? Иран арқылы. Иран бұл сұрақта позитивті көзқараста, сондықтан да Иран арқылы баратын жол да салынуы әбден мүмкін», - дейді ол.

 

Иран мен Әзербайжан арасында Зангезур дәлізіне қатысты дау бар. Иран бұл дәліздің ашылуы өзінің экономикалық және саяси кері әсері бар деп санайды.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар