Сот: Трамп алаяқтық жасады, ол кінәлі!

Нью-Йорк соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты компаниясындағы алаяқтық үшін кінәлі деп тапты. Сот Артур Энгорон Нью-Йорк прокуроры Летиция Джеймстің арызы негізінде үкім шығарып, Трамп The Trump Organization компаниясында ондаған жылдар бойы банктер мен сақтандыру компанияларын компанияның акция құнына байланысты алдап келгенін айтты. Трамп банктік жеңілдіктерді иемдену үшін осы бір қадамға барған. 


Экс-прокурор МУС присоединился к обвинению Трампа - РИА Новости, 26.09.2023

 

Энгорон Трамптың бірқатар бизнес лицензияларын тоқтатты. Бұл Трамп компанияларын Нью-Йоркте кәсіп жасауға кедергі жасайтын қадам саналады. Сот тәуелсіз бақылаушыларға The Trump Organization қызметін бақылауды міндеттеді. 26-қыркүйек күні шешім шыққан осы бір сот үкімі ең соңғы нүкте емес, қазан айында істі қарау жалғасын таппақ.

 

Дональд Трамп АҚШ тарихында экономикалық және саяси қылмыстар жасады деп күдікке ілініп, іс ашылған алғашқы президент саналады. Маусым айында АҚШ соты Трампқа тағы бір айып тақты, енді ол мемлекеттік маңызы бар құпия құжаттарды үйінде сақтаған деген айыпқа ілінуде. Тамыз айында Трампқа "Капитолийге шабуыл ұйымдастырды" деген іс ашылды. Арнайы прокурор Джек Смит шабуылдың соңында Трамп тұрғанын айтқан еді. Жақында ғана Жоржия штатының айыптаушы тарапы Трамп 2020 жылғы сайлауда сайлау нәтижесін өзгертіп, бұрмаламақ болды деген тағы бір айыпты тақты.  

 

Бұған дейін Трамп порно жанрындағы әртіс Сторми Дэниэлске интимдік қатынасты жасырын ұстау үшін қаржы төледі деп айыпталған болатын. Ол сайлау қорының қаржысын өзінің жеке мақсатына қолданғаны айтылды. АҚШ-тың бұрынғы президенті бұл айыптардың барлығын жоққа шығарып, сот істерін "сайлауға қатыстырмау мақсатында жасалған саяси тапсырыс" деп атауда.  

 

Трамп 2022 жылдың қарашасында кезекті президент сайлауына қатысатынын мәлімдеген еді. Ол Республикалық партия атынан 2024 жылғы сайлауға кандидат болмақ. Бүгінде оның рейтингі халық арасында жоғары саналады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар