Ресейлік олигарх Дерипаска: "Соғысты аяқтайық. Тағы да 50 мың адам өледі"

Ресейлік миллиардер Олег Дерипаска Financial Times-ке сұхбат беріп, Батыс тарапынан салынған спнкцияның тиімді екеніне күмән келтіріп, соғысты аяқтауға экономикалық қысымның әсері аз екенін айтты.  «Русала» компаниясының негізін қалаушы Дерипаска Украинадағы соғысқа ашық қарсы болмаса да, оны қолдамайтынын нақты көрсетіп жүрген олигархтардың бірі. Ресей қоғамында соғысқа қарсы болу не оны қолдамау билік тарапынан қудалауға әкелуі ықтимал.  


В Киеве готовят национализацию активов российского олигарха Олега Дерипаски  | Комментарии.Киев

 

FT мәліметі бойынша, Дерипасканың өткір мәлімдемелерінен кейін ресейлік билік оның Сочидегі бірқатар кәсіпорындарын тартып алған. Ол банктегі активтерінің де бірқатарынан айырылған. Кәсіпкер бұған қатысты сұрақтарға жауап беруден үзілді-кесілді бас тартып келеді. Алайда Украина соғысына қатысты мәлімдемелер айтуын тоқтатқан емес.

 

«Неге екі тарап та осы бір атыс-шабыс, соғысты тоқтатпасқа. Мен екі тараптың да өздері жария еткен мақсаттарына қол жеткізгенін көріп отырған жоқпын. Сіздер Украинаға F-16, F-35 ұшақтарын бересіздер ме? Ол нені өзгертеді? Менің ойымша бұл жағдайды одан бетер ушықтырып, қайғыдан қан жұтатындардың санын ғана арттырады», —дейді миллиардер.

 

Украина «ұрыс қимылдарын тоқтату Ресейге тиімді, себебі сол арқылы ол оккупациялап алған аймақтарды өзіне қалдырмақ» деу арқылы қазіргі сәтте соғысты тоқтатуға қарсылық білдірген-ді.

 

Дерипасканың ойынша соғыс қимылдарын жалғастыру еш мәнге ие емес. «Ұрысты жалғастыру екі тараптан да қосымша 50 мың адамның қаза тауып, 150 мың адамның жаралануына әкеледі. Сіз тағы да 12 ай бойы 200 мың адамды осы бір жан мен тән қиналысына салу дұрыс деп ойлайсыз ба?» —дейді ол.

 

Дерипаскаға АҚШ 2018 жылдан бері санкция салған болатын. Ол 2022 жылы ЕО-ның санкциялық тізіміне енгізілді. Ол санкцияларға қатысты да өз ойын айтты. «Мен үнемі санкцияның соғыс қимылдарын тоқтататынына күмәнмен қарап келдім. Кезінде немістер санкцияны қарсыласқа қысым жасап, келіссөз алаңына отырғызудың ғажап қаруы ретінде айтқан еді. Бірақ ол қазір іске аспайды. Санкциямен соғысты тоқтатуға, режимді ауыстыруға болмайды. Оған қол жеткізу өте қиын. Сондықтан да біз қақтығысты аяқтаудың басқа жолын қарастыруға тиіспіз», - дейді кәсіпкер.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар