Жүздеген мың мүгедек: Ресей нені жасыруда?

 

2023 жылы Ресейдің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектікті анықтау үшін бланкілерді сатып алуды бір жарым есеге арттырған. Министрлік 2023 жылы мүгедектік фактісін анықтау үшін 2,7 миллионнан астам анықтама бланкілеріне тапсырыс берген. Бұл туралы зерттеу жұмысын мемлекеттік сатып алу порталына талдама жасаған «Верстка» жариялады.  


Получившим инвалидность в ходе спецоперации бойцам дадут дополнительные  льготы - Ведомости

 

Құжаттар аймақтық медициналық-әлеуметтік сараптама бюроларына (МӘС) қажет. Бұл департаменттер сараптама жүргізіп, оның қорытындысы бойынша мүгедектігі бар азаматтар мүгедек деп танылып, әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылдың басында мүгедектік себептерінің қатарына әскери волонтер ретінде қызмет ету кезінде алған жарақаттар да қосылды.

 

2023 жылдың алғашқы тоғыз айына тапсырыс берілген бланкілер саны тоғыз жылдағы рекордқа айналды және өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп. Тендерлерде көрсетілген мұндай құжаттардың саны 2015 жылдан бері тұрақты түрде азайып келген. Алайда соғыс басталан сәттен бастап бланкілерге тапсырыс беру саны күрт артты. Мысалы өткен жылы 1,6 миллионға жуық бланкіге тапсырыс берілген.

 

Росстат мүгедектікке қатысты статистиканы ашық жариялауды тоқтатып, тек сандар ғана ұсынуда. Ал оны тексеру мүмкін емес дейді мамандар. Мысалы ресми түрде Ресейде 2016 жылы 12,7 млн мүгедек болса, 2020 жылы 11,8 млн адам болған, ал 2022 жылы олардың санын Ресей 11,3 млн деп көрсетті. Бұл Росстат мәлімдемесі. Алайда мүгедектікті анықтайтын бланкінің саны күрт артуы бұл сандарды жоққа шығарады дейді «Верстка» сарапшылары. Ресейдің Әлеуметтік қорғау қоры да мүгедектердің ақпаратын ашық жариялауды тоқтатты.  

 

«Верстка» мәліметінше Ресейдің Еңбек министрлігі де «еңбекке жарамсыз» анықтамасын алуға берілетін құжат санын арттырған. 2018 жылдан бері министрлік ведомствосы анықтамаға тапсырыс бермесе, 2020-2023 жылдары 200 мыңға жуық анықтамаға тапсырыс берген.  


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар