Бір Қамшы бір Қамшыны морт сындырды: Жапаров қайтпек?

Қырғыз билігіндегі президент Садыр Жапаровтың қос қамшысы, бұрынғы айырылмас достар бір-біріне қыр көрсете бастауының ақыры қызметкердің қылмыскерді өлтіруімен аяқталды. 

1696503758450838.jpg

Тарқата айтсақ, Қырғыз ҰҚҚ-ны басқаратын Қамшыбек Ташиевтің пәрменімен арнайы операция жүргізілді, Бішкекте. Қырғыз қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Асанбекті (Көлбаев) тұтқындау әрекетінің арты атысқа ұласқан. 

Көлбаевқа «Доо» деген лақап атпен белгілі қылыстық топтың серкесі Чынгыз Джумагуловты өлтірді деген айып тағылған. Оны тұтқындауға барған топпен арада қарулы қақтығыс туған. Нәтижесінде орын алған атыс кезінде Қамшы Көлбаев көз жұмды.

Жалпы қырғыздарда билік көп жағдайда қылмыс әлемінің серкелерінің қолында. Сол себепті ел билігі кейбір жағдайда онымен санасуға мәбүр болып келген еді.

Осы арада Қырғыз ҰҚҚ Доо-ның өлімін Қамшы Көлбаевқа жауып, нәтижесінде бір оқпен екі қоянды атып отыр. Енді Жапаров билігі өзіне дейінгі президенттердің түнгі ұйқысын бұзған қылмыстық топтардың еркелігін ауыздықтайды дейді сарапшылар.

Ал, екінші бір сарапшылар тобы қырғыз елін қылымыстық топтардың түрлі сипаттағы қарулы да, саяси қарсылығы туындап, ел іші тағы бір мәрте ала тайдай бүлінуі ықтимал деп жорамалдауда. Екі пікірдің астарында шындықтың ұштығы жатыр.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар