Қазақты тілдеген Симонянға орыстар өкпелі: Сотталуы мүмкін

Russia Today мемлекеттік телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян «Россия сегодня»  ақпараттық агентігінің "Ч.Т.Д." авторлық бағдарламасында «...кезінде жатқан жері жайлы болғыр Жириновский Вашингтонның миын аузына түсіруді талап еткен болатын» дәл сол сияқты бізде «Ұжымдық Батысты» тәубесіне келтіру үшін Сібірдің үстінен ядролық бомба жаруға тиіспіз деген  идеясын алға тартты. 


5aecde60628f4a838073da9504c6704f.jpeg


Ол тіпті осы өзі ұсынған қадам іске аса қалса, «ядролық қыс» орнап, барлығымыз 1993 жылға қайтып ораламыз. Қандай тамаша деп алқанын шапалақтайды. Миы ауысқан Маргарита ханым айтар сөзі де, ойланар пікірі де таусылған соң, айды аспанға шығарып: «Мәскеу осылайша Ресеймен текетірескен Батыс елдерінің “сазайын тартпақ”, өйткені жарылыс спутниктер мен барлық электрониканы істен шығарады да, әлем халқына бұл жарылыстың әсері болмайды-мыс» деп бір лағып алды.


Кремль бірден Симоньян билік құрылымдарына қызмет істемейтіндіктен оның айтқандары ресми Мәскеудің ұстанымы болмайды деп Дмитрий Песковтің ауызан сөз сала отырып хабар таратты.


Бірақ РФ өз ішіндегі ойы тұнық, ақылы кемел жандар аузына не келсе, соны айта салатын Маргарита Симонянды жазаға тарту жайында сөз қозғай бастады. Мәскеу қалалық думасының депутаты Евгений Ступин 

Симонянның жуырдағы Сібірде ядролық бомба жаруды ұсынған мәлімдемесі арқылы қырғи-қабақ соғысқа және жаппай қырып-жою қаруын қолдануға шақырып отыр деп санап, үстінен қылмысты іс қозғап жауапқа тартуды сұрады.


Бірақ Маргартиа ханымының аузындағы сөз Ресей тұрғындарының көбінің ойындағы пікір екендігін де естен шығармағанымыз жөн.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар