Қырғызстандағы ОДКБ жаттығуы соңғы жаттығу ма? ОДКБ тарай ма?

Ресей кезінде әлімжеттікпен таңған ҰҚШҰ  құрамына өзінен бөлек Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіретінін бәріміз білеміз. Армения әскери жаттығу өткізуден бас тартқаннан кейін бұрынғы жоспарлаған іс-шараларға өзгеріс еніп, ҰҚШҰ қазақ әскерилері бірлесе қатысатын  жыл сайынға «Берік бауырластық – 2023» әскери жаттығу қазанның 6 мен 13 аралығында Қырғызстанның Балықшы қаласындағы Қырғызстан ӘК оқу-жаттығу орталығының полигонда өтетін болды деп мәлімдеді ҰҚШҰ біріккен штабының басшысы  Анатолий Сидоров. 


000020_1647012930_489660_big.jpg


ҰҚШҰ жыл бойы түрлі әскери жаттығулар өткізіп келеді. Бізде Жамбыл облыснда өткен жылы «Әрекетестік», «Іздеу» және «Эшелон» болып өткенін жақсы білеміз. Осы жолы ҰҚШҰ  құрамынағы елдердің әскери жаттығуға қатысатын қосыны  Қырғызстанның Балықшы қаласындағы Қырғызстан ӘК оқу-жаттығу орталығының полигона келіп жетті.


Басты міндеті ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік әскерлерінің бірлесе қимыл етіп, тұрғындардың өмірін сақтау болып табылатын әскери жаттығуға ҚР ӘК Десант-шабуылдаушы әскерінің жеке құрама қатысады. Олар Алматы – Балықшы маршруты бойынша өз автокөліктері мен сауытты техникаларын жеткізді. Бұл соңғы жаттығу болуы да ықтимал деген батыс сарапшыларының пікірін естен шығармағанымыз әбзел.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар