Перуашев Ресейдің мәлімдемесіне қарамастан Қазақстанды ЕО-да көргісі келеді

2023 жылдың басында Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Этносаралық қатынастар жөніндегі кеңестің мүшесі Богдан Безпалько Қазақстанның Еуропа аумағында орналаспағанын айтып, елдің Еуропалық Одаққа кіруге ұмтылысын абсурд және парадоксальды деп кіжіне сөйлеген еді. Богдан мұны «батысшыл және ресейге қарсылық» деп сөкті. 


c9981dae76ef4285b82c53b613248ad9.jpeg


Перуашев болса, Қазақстан тек өзінің ұлттық мүдделерінің үдесінен шығуы керек дейді.


«Біреу үреді, біреу ары қарай жүреді» деген жақсы мақал бар («Ит үреді, керуен көшеді» деген мақалға сілтеме). Біздің міндетіміз – өзіміз дұрыс деп санайтын, ұлттық мүддемізге негізделген жолмен жүріп, даму. Ресей өз даму жолын басқаша болжайтын шығар, бұл – олардың жеке мәселесі», – деді «Ақ жол» партиясының жетекшісі.


Азат Перуашев Қазақстан Еуропамен ынтымақтастықты кеңейтуі керек деп санайды.


«Қазақстан болашақта ЕО-ның мүшесі болуға ұмтылуы мүмкін. Бұл, біздің Еуразияда орналасқанымызды есепке алсақ, күмән тудыратыны анық. Алайда  еліміз УЕФА-ға (Еуропалық футбол қауымдастығы одағының) дәл осы аумақтың бір бөлігі Еуропада орналасқандықтан қабылданған болатын. Дегенмен аталған мәселе әлі де талқылауды қажет етеді. Бұл жерде ең бастысы – ЕО мүшелігінің өзі емес, Қазақстандағы мемлекет пен қоғам арасында еуропалық стандарттарды енгізу», – деді ол.


Фото: ашық дереккөзден


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар