Соғыс аумағында қанша Қазақстан азаматы бар? ҚР СІМ не дейді?

ХАМАС пен Израиль арасындағы теке тірестен Қазақ еліде тысқары қала алмады десек, артық айтпаймыз. Осы елде ресми және бейресми мақсатта жүрген немесе қызмет бабымен осы елде жүрген 400 аса отандасымыздың барлығы мәлім болды.

1696842678279301.jpg

Бірақ олардың ішінде тек 118 ғана елге қайтуды жоспарлап отырғандығын СІМ өкілі Айбек Смадияров жұртқа жайды.

Бүгін дүйсенбі күні осы мәселе турасында: «Дәл қазір елімізге қайтуға ниет еткендердің саны – 118 болды. Израильдің Тель-Авивіндегі Қазақстан елшілігнің есебі бойынша бұл елде консулдық есебінде жоқ 400 аса азаматымыз тұрып жатыр», – деп мәлімдеді Айбек Смадияров.

Құдайдың оң көзбен қарауынан болар, әзірше жерлестеріміз арасында адам шығыны жоқ. Тель-Авивтегі Халықаралық әуежай қалыпты жұмыс істеуде. Қазақ билігі отандастарымызды елге қайтаруды ұымдастыру үшін Тель-Авивке жуық арада сұрау жіберетін болады.

«Бұдан бөлек еліміздің Израильде жүрген азаматтарына отанындағы туған-туысқандарымен кедергісіз байланысуға арналып, жедел желі іске қосылып, шұғыл штаб құрылып өз жұмысына кірісіп кетті. Осы құрылған шұғыл штабқа соңғы екі күннің ішінде 500 рет қоңырау шалынды», – дейді Смадияров.

Ресми деректер бойынша 77 адам елшікке қатысты болса, 30 жерлесіміз медмекемелерде тәжіибеден өту үстінде екен.

Дәл қазір СІМ Израильдегі отандастарымызды елге қайтару үшін тізім жасау үстінде.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар