Орталық Азия: Коронавирус Ресей арқылы соққы жасайды

Коронавирус қайта өрши түсті. Ресей мамандары Орталық Азияға вирус қайтадан жылдам тарауы мүмкін екенін айтуда. Басты себеп Ресейде қызмет ететін Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан еңбек мигранттарының Орталық Азия-Ресей бағытындағы қозғалысының тым көп болуында.


Коронавирус повышает риск развития болезни Крона и саркоидоза | «Красный  Север»

 

Жақында коронавирустың «Пирола» штаммы ресми тіркеліп, оның «Омикрон» штаммынан қауіпті екені анықталды. Бүгінде аталмыш штамм Ресейге тарап үлгерген. Мәскеу коронавирустың жаппай таралу қаупін ескере отырып, ел аймақтары бойынша ауруханаларды вируспен күресуге дайындауда. Орталық Азия елдері де коронавирустың соңғы уақытта артқанын айтады, тек Тәжікстан билігі ғана ресми мәлімет бермеуде.

 

Шілде айының соңында Данияда «Пирола» штаммы алғаш рет анықталды. Артынша коронавирустың жаңа штаммы АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Израиль, Португалия, Ресейде анықталды. Вирустың бұл штаммы тез жұғу және жылдам өзгеру қасиетіне ие болғандықтан қауіпті саналады.

 

ДДСҰ «Пирола» штаммын ерекше бақылауға алды. Қазірдің өзінде штаммның 30-дан астам мутациясы бар екені анықталып отыр. Вирус организм қалыптастырған қорғаныш жүйесін оңай айналып өтуге қабілетті. Сарапшылар «Омикрон» штаммына арналған вакцина «Пироладан» да қорғайтынын айтуда.

 

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі 19-қыркүйектен бастап бірқатар мекемелерде маска тағу, арақашықтық сақтау, қызметкерлер санын азайтып, онлайн режимге көшу сынды шараларды іске асыра бастады. Өткен аптада Ресейде коронавирус 16500 адамнан анықталған. Оның ішінде 2556 адам ауруханаға жатқызылған. Бұл екі апта бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп.

 

Мамандар маусымдық тұмау мен өзге де аурулар арасында коронавирус кең таралып кетуі мүмкін екенін айтуда. Бұл алдыңғы бір айда Орталық Азия елдерінде де байқалады дейді. «Адамдар вирустан сақтану керектігін ұмыта бастады. Тест тапсыру мен вакцина алуды азайтты. Маска тағу мүлде ұмытылды. Сөзсіз бұл вирустың қайта соққы жасауына әсер етеді», - дейді ДДСҰ сарапшылары.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар