Израиль-ХАМАС соғысы: ХАМАС-тықтар Путинге алғыс жаудыруда...

ХАМАС-тың Израильге жасаған шаубылы жаһан жұртшылығын үшке бөлді. Нәтижесінде қарсыласушы екі тарап қалыптасып отырған жағдайда байланысты өз мәлімделерін жасап, әлемдік БАҚ арқылы жұртқа тарата бастады. Үнемі әлсіз қаруларған құдыстықтар бұрын жөйіттерге қарсы еш қайрат қыла алмаса, Қарабақтан бастау алған әм Украинадан өз жалғастығын тапқан соғысудың жаңа заманауи тәсілі олармен АҚШ және ұжымдық санасуын керек ететінін ашық танысты.

1697013265802657.jpg

Бұрын Израиль құдыстық әскери қосындарды басып-жаншып келсе, ХАМАС-тың соғысудың жаңа тәсілін меңгеруі әлемдік саясатта әскери төңкеріс жасады десек те болады. Израильдің жоғары шенділері кешеден бері бірқатар мәлімдемелер жасады.

1697013013238743.jpg

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетанияху жасаған мәлімдемесінде: «... басымызға түскен қаралы күн үшін, Израиль үшін, оның азаматтары үшін ХАМАС жеңеміз. Онымен байланысты барша нысандарды жоқ қыламыз. Осы нысандар маңындағы бейбіт тұрғындар бірден басқа жаққа кеткені жөн. Әскеилер қолындағы барша әлеуеттін пайдаланып, ХАМАС барша мүмкіндіктерін еш қылады. Біз оларды өлімші етеміз. Израильге бұл жеңіс оңайға түспейді. Ол ұзаққа созылып, бізді алда ауыр күндер күтіп тұр. ХАМАС бұл соғысты бастады. Біз оны жеңіспен аяқтаймыз», - деді.

1697013063999532.jpg

Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галанттың: «Мен әскерге қойылған барлық шектеуді алып тастадым. Енді біз толыққанды шабуылға көшеміз. ХАМАС Газа секторында өзгеріс болғанын қалады. Қалағаны болады, Газа енді бұрынғыдай болмайды!»,- деуінің астарында көп нәрсе бұғып жатыр.

1697013094248635.jpg

АҚШ президенті Жо Байден де мәлімдеме жасап: «ХАМАС ДАЙШ-тан да сорақы. Олардың бар мақсаты - еврейлерді өлтіру... мен бірінші кезекте Конгрестен Израиль қорғаныс жүйесіне қосымша қаржыландыру жасауды сұраймын. Израиль 75 жылдан бері бүкіл әлемдегі еврейлерге пана әрі қорған болып отыр. Мен еврей халқы өзін қауіпсіз сезінуі үшін бар көмекті аямаймын. Қажет болса Таяу Шығысқа қосымша әскери көмек жібереміз. Үшінші елдер Израиль-Палестина дағдарысын өз пайдаларына шешуге әуре болмасын!», - деді.

Ал ХАМАС-тың атынан оның саяси бюросының өкілі Мұса Абу Марзук Путиндік Ресейге алғыс білдірді. «Ресей АҚШ пен Израильге Қауіпсіздік кеңесінде өз революцияларын қабылдатуға жол бермеді. Сол үшін алғыс білдіреміз», - деді. Мұса Абу Марзук Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі позициясын «құрметке лайық» деп бағалады.

Путиндік Ресей Тегеранмен одақтаса отырып, Ислам әлемінің қолдауына ие болу жолында алғашқы қадамын жасады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар