Соғыс ардагерлеріне жәрдемақы: Ресей санды азайтуда

Ресей қоғамын зерттейтін тәуелсіз «Вёрстка» басылымы соғысқа қатысқан жақындары бар азаматтардың саны Ресейде еселеп артқанын анықтады. Бұл туралы Ресейдің Әлеуметтік қорғау министрлігінің Біркелкі мемлекеттік қолдау жасау туралы ақпаратында айтылған.  


Участникам спецоперации на Украине присвоили статус ветеранов боевых  действий - Парламентская газета

 

2023 жылдың қыркүйегінде Ресейде 1,75 млн адам соғыс ардагері немесе соғыс ардагерінің туысы ретінде Ресейдің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен жәрдемақы алған. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш Ресейде 1,62 млн адамды құраған, яғни биыл 127 мың адамға артқан деген сөз.

 

Бұл сандар Ресей билігі Украина жерінде соғысқа қатысты деген ресейлік шенеуніктердің ақпараттарымен сәйкес келеді. 2023 жылдың маусымында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің орынбасары Ольга Баталина «арнайы операцияға қатысқан 133 мың адам соғыс ардагері статусын алды» деген еді.  

 

Социолог Алексей Ракша болса бұл сандар тым аз деген ойды айтуда. Ол қаза тапқандар мен жараланғандарды жасырын ұстаса да, жалпы соғысқа кемі 500 мыңнан аз адам қатыспады деген ойда. 2021 жылы соғыс ардагері статусын бар болғаны 5,7 мың адам алған болатын.

 

2023 жылы Ресей билігі соғыс ардагерлеріне 269 млн рубль жәрдемақы төлеген. Сарапшылар Ресей билігі млндаған қаржыны төлемеу үшін санды азайтып, көптеген азаматты соғыс ардагері ретінде тіркемейтінін айтуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар