Путин: Қанттағы Ресей базасы Орталық Азияны қорғап тұр

Қырғызстанда ТМД елдерінің саммиті өтуде. 12 қазанда Путин мен Жапаров өзара кездесу өткізіп, екі ел арасындағы әріптестікті арттыру бойынша келісті. Ресей басшысы Қырғызстан президентіне «Құрмет медалін» тақты. Ал 13 қазанда ТМД саммитіне ТМД елдерінің басшылары келіп қатысуда.


Путин выразил надежду на нормализацию политической ситуации в Киргизии — РБК

 

Биыл ТМД-ға төрағалықты Қырғызстан атқарған болатын, келер жылы кезек Ресейде. Ресей басшысы Путин ТМД аясында интеграциялық үрдістерді арттыру жолын іздестіру керектігін айтты. Ол экономикалық, саяси және әскери форматтағы әріптестікті арттыру маңыздылығын атап өтті.

 

«Ресей 2024 жылы БРИКС-те төрағалық етеді. Биыл БРИКС-тің құрамы артты, енді бақылаушы елдермен әріптестік орнату оңайға түседі. Осыны ескере отырып, біз БРИКС пен ТМД арасындағы байланысты арттыру жағын да қарастырамыз», - дейді Путин.

 

Ресей президенті Путин Қырғызстандағы «Қант» әскери базасының Орталық Азия үшін маңыздылығын да атап өтті. Жапаров пен Путин екі ел арасындағы әскери байланысты еселеп арттыруға келіскен. Қанттағы Ресей әскери базасының 20 жылдығына сай шарада екі ел арасында маңызды әскери келісімдерге қол қойылған. Мысалы Қырғызстан мен Ресей ортақ әуе қорғаныс жүйесін құруда.

 

«Бұл базаның маңызы зор. Қырғызстанның қорғаныс саласына үлкен үлес қосуда. Орталық Азияны терроризм, діни экстремизм мен есріткі саудасына қарсы күресте басты форпост десек те болады», - дейді Ресей басшысы.


Mezgil.kz

 

 

 



Ұқсас тақырыптар