Тозақта жолыққан Сталин мен Гитлер: Ресей орыс мәдениетіне пәренже жапты

Путиндік Ресей орыс мәдениетіне пәренже жамылтты. Бұлай деуімізге себеп Мәскеудің өтірік тарихы мен Украинадағы соғысты жақтайтын өнер иелері ғана өз елінде кеуде керіп жүруге рұқсат беріледі.

1697448606514395.jpg

Соғысты жақтамадың ба – сен жаусың! РФ Мәдениет министерлігі режиссёр Александр Сокуровтың «Ертегі» фильмін халықаралық КАРО.Арт фестивалінде көрсетілуіне тыйым салды. Бұл туралы Сокуров өзінің телеграмм арнасында хабарлады.

Режиссёрдің айтуы бойынша «Ертегі» фильміне прокаттық куәлік берілмейді, әрі оның бұрынғы түсірген туындаларының экранда көрсетілуіне де тыйым салына бастаған сыайлы. Сокуров не себепті фильмнің басына қара бұлт үйірілгеніне таңқалатындығын жасырмайды.

Сокуровтың бұл фильмі Ресейлік әртістердің қатысуынсыз әрі Ресейлік қаржыландырусыз түсірілген болатын. Фильм осы жылдың 6 тамызында Локарнодағы кинофестивальде көрерменге жол тартты. Сокуров бұл менің түсірген соңғы туындым деп мәлімдеді.

Осы фильмнің басты кейіпкерлері Иосиф Сталин, Адольф Гитлер, Бенито Муссолини және Уинстон Черчилль тозақта жолығысады. Режиссёр кино жанрының табиғатына сай құжаттық жылтізбелерді (хроникаларды) кадрларын, мәтіндерін және шынайы тарихи адам сөздерін кәдеге жаратқан.

Бұл фильм ана тілімізге аударылып, Отандық прокатта көрсетілсе, еліміздегі путиншілер бір жер шұқып қалар еді-ау!?

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар