Ресей Украина шабуылын дельфиндермен тоқтатуға тырысуда

Ресей оккупациялық Қырымдағы әскери нысандарын қорғауға барын салуда. Украина әскерінде сан түрлі алыс қашықтықтағы нысанды жоюға қабілетті зымыран түрлері пайда болған сәттен бастап, Қырымдағы ресейлік әуе қорғаныс жүйелерінің де саны артты.


Минобороны закупает дельфинов для отправки в Севастополь - Газета.Ru

 

Ресей үшін тек зымыран мен дрон шабуылынан бөлек, теңіз дрондарының қаупі де орасан болып тұр. Украина теңіз дрондарының көмегімен оккупациядағы Қырым маңында осы уақытқа дейін Ресейдің бірнеше десанттық кемесі мен танкерін істен шығарып, Қырым көпіріне де соққы жасай білді. Қазіргі уақытта Ресей Украинаның теңіз дрондарымен күресу үшін түрлі амал-әрекет жасауда. Соның ішінде теңіз миналарының санын арттыру, теңізге темір тор тарту және қолға үйретілген дельфиндерді қолдану кең етек жаюда.

 

Ресейге әуе қорғаныс жүйелерінің санын арттыру шешуге болатын мәселе болса, теңіз дрондарынан қорғану қиынға соғуда. Украина соңғы айда суасты дрондарын сынақтан өткізіп, ресейлік екі кемеге шабуыл жасап, істен шығара білді. Субеті дрондарын жою мүмкін болса, суасты дрондарымен күресу қиын.  

 

Күні кеше ғана Ұлыбританияның Патшалық флотының Naval News басылымы Ресейдің дельфиндерді теңіз дрондарымен күрес барысында барынша қолдана бастағанын жазды.  Ресей Севастополь маңындағы портты және кеме тұрағын Украина шабуылынан қорғау мақсатында үйретілген дельфиндер санын арттырған. Ресей Украинамен соғыс басталғанға дейін үйретілген әскери дельфиндерді Новороссийск пен сириялық Тартус маңындағы теңіз әскери базаларының күзетінде қолданған.

 

2023 жылға дейін Ресей Севастополь портын күзетуге 4 дельфинді қолданса, Украинаның қарымта шабуылы күшейіп, Киев теңіз дрондарын сәтті қолдана бастаған сәтте дельфиндер санын екі есеге арттырған. Арнайы үйретілген дельфиндердің міндетіне әскери базаны диверсиялық шабуылдан қорғау, дрондарды өз денесімен тоқтатып, камикадзе болу міндеті де кіреді.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар