Өзбекстан соты: Ресей-Украина соғысына қатысудың жазасы - түрме!

Орталық Азия елдері Ресей Украинаға соғыс ашқан сәтте, соғысқа қатысушы азаматтарын заң аясында жауапқа тартатынын ресми мәлімдеген болатын. Бұл әсіресе Ресейге барып, жұмыс істейтін еңбек мигранттарына қатысты еді. 2022 жылдың көктемінде Ресей жерінде еңбек мигранттарын соғысқа үгіттеу шаралары басталды және әлі жалғасып келеді.


В Узбекистане суд наказал мужчину, его неверную жену и любовника

 

2014 жылдан бері еңбек мигранттары арасында Украина жеріне аттанып, Ресей құрамында соғысқа қатысушыларға бірнеше мәрте сот үкімі оқылды. Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстан солардың қатарында. Ал Өзбекстан соты алғаш рет Украинада соғысқан азаматқа үкім шығарды.

 

Өзбекстан соты Украина жерінде Ресей тарапында соғысқан азаматты соттады. 38 жастағы Эльдар Хайрулин жалдамалы болып соғысқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының туыстары сот үкімімен келіспей, «оның Ресейге барғаны рас, алайда Украина соғысына қатысқан емес, Украинаның заңды шекарасын аттап өткен емес» деп пікір білдірді.

 

Тергеушілер Хайрулиннің 2014-2015 жылдары Донецк облысында болып, «ДНР» жасағының құрамында соғысқанын анықтадық дейді. Хайрулин жайлы ақпарат украиналық «Миротворец» сайтында да жарияланған. Сайтта оның жалдамалы болып, Украинаға қарсы соғысқаны жайлы айтылады. Өзбекстан соты сайттағы ақпаратты растады. Сонымен бірге 2014-2015 жылдары әскери формада, қолына автомат ұстап түскен суреті де сотта дәлелдеме ретінде ұсынылды.

 

Ресми Ташкент өз отандастарын Украина соғысына қатысу қылмыстық қудалауға әкелетінін сан мәрте мәлімдеген еді. Әлеуметтік желіде Орталық Азия азаматтарының оккупациядағы украин аймақтарына барып, құрылыс қызметінде жүрген видеолары жариялануда. «Бұл да қылмыстық қудалауға әкеледі» дейді мамандар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар