Мыңдаған тағдыр: Беларусь билігі украин балаларын ұрлауда

Cоғыс басталған сәттен бері, Ресей арқылы Беларусь жеріне 6-17 жас аралығындағы мыңдаған украин баласы заңсыз шығарылған. Олардың кейбірін алғашқы әскери дайындық курстарына да қатыстырған.


Детский омбудсмен России ведет переговоры о возвращении с Украины 17 детей  - Российская газета

2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 30 қазанына дейін Ресей арқылы Беларсь жеріне 2442 украин баласын заңсыз әкеткені белгілі болды. Бұл туралы АҚШ-тың гуманитарлық зерттеу лабораториясының арнайы баяндамасында айтылды.  

 

Баяндаманы жасаған авторлар Беларусь жерінде 13 локацияны анықтады. Аталмыш локацияларда украин балаларын идеологиялық негізде қайта оқыту және тәрбиелеу курстары ашылған. Атап айтатын болсақ тарихи, мәдени, әлеуметтік және патриоттық бағыттағы оқыту курстары бар. Беларусь ішкі әскерінің арнайы курстары балаларды алғашқы әскери дайындық курстарына қатыстырған.

 

Баяндама авторлары балалардың қазір қайда екенін нақты білмейтінін жеткізді. Себебі зерттеушілер құжатта «балалар Украина аумағына қайтарылды» деп көрсетілсе де, шындығында олардың басым бөлігі Ресей мен Беларусь аумағында қалдырылған дейді.

 

Лукашенко Украина аумағынан балаларды заңсыз негізде Беларусь және Ресейге әкетуді қолдағаны үшін Батыстың санкциясына ұшырады. Қазіргі уақытта оның осы қылмысқа қатыстығы анықталып, халықаралық сот шешім шығару үстінде. Беларусь аумағына балаларды әкелумен негізінен Алексей Талайдың қоры, «Беларуськалия» өндіріс кешені басшылығы, «Дельфины» балаларға арналған ұйымы айналысқаны анықталды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар