Құдыс-Израиль текетіресі: Екі мемлекет формуласы іске аса ма?

Құдыс-Израиль текетіресі 1947 жылғы БҰҰ шешімінен бастау алады. Онда екі бірдей мемлекет құрылуға тиіс-тін.

1700471097254712.jpg

Бірақ тек қана Израиль мемлекеті ғана құрлып, жер дауының аяғы ұзақ жылғы кикілжіңге айналып шыға келді. Сол дәуірдегі билігі жүрген қос қағанат КСРО мен АҚШ бірі – Құдысты, екіншісі – Израильді таңдап, конфликтінің тамырын тым тереңге жіберді.

КСРО-ның құлауы Құдыстың басынан бағын тайдырды. Сонымен, Израиль аузын айға білеуін бастады. Бірақ жаңа заманғы соғыс тәсілі 7 қазан күні бәрін астаң-кестең етті.

Сарапшылардың бір тобы жаңа соғыс өртін Иран, Ресей және ҚХР бірлесе тұтатты деген уәжді сөзді алға тартады. Қанша жерден АҚШ пен Батыс қолдаса да, осы жолғы соғыста Израиль бұрын сөздерін жерде қалдырып, өзі көзе ілмей келген Араб әлемімен санасуға мәжбүр болғаны шындық.

ХАМАС-қа бұрын Батыс пен АҚШ лаңкестер деп ат қойып, айдар тақса да, соғыс лаңы Израильдің де фашистік Алманияның ар жақ, бер жағындағы мемлекетке айналғанын әшкере ете бастады. АҚШ Таяу Шығыстағы одақтасын қанша жерден қолдаса да, мұсылман және әлем жұртшылығының пікірімен санасуға мәжбүр бола бастады.

Батыс ең әуелі ХАМАС-ты жақтаушы араб елдерімен арадағы тиімді экономикалық келісімдерді бұзбақшы қылық танытып, артынан ол райынан айнып шыға келді. Ең үміт күттіретіні Катардың тұтқындарды бостауға арағайын болуы үлкен бір өзгерістің болатынын аңғартқандай. Өйткені, ХАМАС қолдарындағы 50 тұтқынға 150 құдыстық балалар мен әйелдерді алмастырмақшы болған әрекетінен түк шығара алмады. 

Дәл қазір бес күндік атыс-шабысты тоқтату мәселесі қаралып жатр. Бірақ бұған ХАМАС жағы бейіл болғанымен, Израиль тарапы қасарысуда.

Тек бір нәрсе айқын - ХАМАС АҚШ пен Израиль үшін оңай шағылатын жаңғақ еместігін таныта білді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар