Израиль-ХАМАС соғысы: Усаманың хаты жаппай оқылуда

«Әль-Каида» көсемі саналған Усама бин Ладен 2011 жылы арнайы операция барысында көзі жойылды. Алайда «әлемдегі ең танымал лаңкес» атанған Усаманың есімі әлі де БАҚ беттерінен кеткен емес. Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен АҚШ-тың антитеррор бағдарламаларында есімі жиі аталады. ХАМАС пен Израиль соғысы барысында әлем халқы Усаманың есімін тағы еске алды, анығы ол жазған хатты жаппай оқи бастады.


В каком году родился бен ладен. Изверг с идеями. Кто помянет Усаму бен  Ладена в его день рождения. Примерно полчаса расплаты

 

2002 жылы Усама бин Ладен жазған «АҚШ-қа хат» атты хаты Батыс БАҚ-тарында соңғы он күнде ең көп талқы болған тақырыптың бірі. Ол хатта АҚШ-тың Израильді қолдағанын, сол арқылы Палестина халқына зауал келтіргенін жазған-ды.

 

Хатта бин Ладен «АҚШ пен Израиль еврейлер мен американдықтардың Таяу Шығыста және мұсылман әлемінде жасаған барлық зұлымдықтары үшін жауап беруі қажет» екендігін жазған. Ол жығылғандар тұрады, ал көтерілгендер түседі, күрес жеңіске жеткенге дейін тоқтамайтынын атап өткен. АҚШ-та Усама бин Ладеннің хатына қызығушылық қазан айының соңында жаппай көрініс тапты. Блогерлер Tik-Tok желісінде хатты жаппай таратып, өз ойын айтып, видеоконтент жасаған.

 

«АҚШ-қа хат» 2002 жылы, 24 қарашада The Guardian-да жарияланған болатын. Қазіргі уақытта редакция хатты толық өшіріп тастады. Редакция хатты өшіруге қатысты түсініктеме бермеді. АҚШ саясаткерлері былай дейді: «2001 жылғы, 11-қыркүйектен кейін өмірге келген ұрпақ арасында лаңкестікті қауіп деп санамайтын, ал лаңкестерді батыр көретіндер пайда болғаны өкінішті. Бұл жас ұрпақпен жүйелі жұмыс жасау керектігінің көрінісі. Хатты оқып, оны жаппай тарату нағыз лаңкестікті қолдау және лаңкестік құрбандарын қорлау деп санаймыз».

 

ХАМАС пен Израиль соғысы басталғалы бері әлемде Араб-еврей соғысына қатысты кітаптардың сатылымы да артқан.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар