Израиль мен Құдыс келіссөзге келе ме? Мәскеудегі жиынға кімдер барды?

ХХІ ғасырдың сенсациясы ешкім көзге ілмеген бірінің мемлекеттігі бар, екіншісінікі жоқ қос ел: Украина мен Құдыстың бес қаруы сай, армиясы әлемдегі ең мықты жарақталған ел саналатын Ресей мен Израильдің танауын тасқа соқтырулары болды.

1700571059925410.jpg

Әлемде екінші армия саналған Ресейдің Украинадан жеңілуіне аң-таң болып жатқанда, Газадағы ХАМАС бір жарым айдан аса уақыт бойы АҚШ-тың күлшелі баласы – Израильге дес бермей, ақыры келіссөзге көндіруге таяу-мыс. БАҚ солай дейді. Катар Сыртқы істер министрлігі соғысушы екі жақты келіссөз үстеліне отыруға көндіруге қам жасап жатқаны жайлы мәлімдеді.

Бұған дейін Катар жағы 5 күндік атысты доғару туралы ұсыныс жасаған еді. Енді міне, келіссөз жүргізуге шақырып отыр. ХАМАС басшысы Исмаил Хания «Reuters-ке» бүгін: «Құдыстық топ Израильмен уақытша бітім жасауға дайын», - деп мәлімдеді. 

Өз кезегінде ХАМАС өкілі Иззат эль-Решик «Al-Jazeera» телеарнасына берген сұхбатында: «Осы мәлімдеменің немен тынатыны жақын арада мәлім болуға тиіс», - деп хабарлады. Бұл келісім бойынша оккупациялық түрмелердегі құдыстық балалар мен әйелдер еврей әйелдері мен баларына алмастырылатын болады.

«The Hill» басылымы Байден Израильге Газаны атқылауы мен бомблауын доғаруға бұйрық беруге тиіс дегенді алға тартады.

Ал бүгін Араб елдері Лигасы мен Ислам одақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Мәскеуге жиналып жатыр. Олар Газа секторындағы ахуалды талқы жасамақ. Бұл жиынға Сауд Арабиясы, Иордария, Мысыр, Индонезия, Палестина және ИОҰ Бас хатшысы барған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар